«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
© Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысында "Қымызмұрындық – 2026" мәдени-көпшілік және спорттық шарасы өтті.
Салтанатты шарада ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді.
Ал Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев дүбірлі думанның маңызына тоқталып, қонақтарға ізгі тілегін арнады.
Сондай-ақ меймандар "Қымызмұрындық" аясында ұйымдастырылған көрмені аралап көріп, ұлттық ойыннан сынға түскен спортшылардың өнерін тамашалады.
Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізе отырып, Президентіміздің ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ата дәстүрімізді дәріптеуге арналған осындай тағылымды іс-шараларға ерекше мән беретінін айтты. Сонымен қатар Кеген ауданында өтіп жатқан "Қымызмұрындық" мерекесі ұрпақтар сабақтастығын нығайта түсетініне сенім білдірді.
Аймақ басшысы өз сөзінде халықтың қолдауымен қолға алынған игі бастамалардың ғұмыры қашанда ұзақ болатынын тілге тиек етті.
Сондай-ақ Алматы облысы бүгінде табиғи байлығы мен тарихи мұрасын ұштастыра отырып, туризмді дамытудың жаңа кезеңіне қадам басқанын жеткізді.
Аймақ басшысының айтуынша, өткен жылы өңірімізге 2,5 миллионнан астам турист келген. Бұл Алматы облысының табиғи əлеуеті мен тарихи-мəдени мұрасына деген қызығушылықтың тұрақты артып келе жатқанын көрсетеді.
Айта кетейік, "Қымызмұрындық" мерекесі Қарқара жайлауында биыл 5-рет өткізіліп, қазақтың көреген абызы Əлмерек Жаншықұлының 368 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осыған орай абыз баба рухына Құран бағышталып, ас берілді.
Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен республикалық жарыстар ұйымдастырылып, спортшылардың шымырлығы мен төзімділігі сынға түсті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:58, 27 маусым 2026
“Тазалық пен тәртіп”: Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды
-
19:00, 27 маусым 2026
Жексенбіде еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:46, 27 маусым 2026
Алматыда хандар киген мұрақтар, билер киген бөріктер көпшілік назарына ұсынылды
-
17:35, 27 маусым 2026
Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады
-
16:50, 27 маусым 2026
ЕКПА депутаттары Қазақстандағы саяси реформаларды қолдады









