Алдағы үш күннің ауа райы: қай өңірде аптап, қайда жаңбыр жауады
© Фото: unsplash
Алдағы үш күнде Алматы мен Шымкентте аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +47 градусқа дейін көтеріледі. Ал Астанада жаңбыр жауып, күндізгі ауа температурасы +36 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
19 шілде: Көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +34...+36°C.
20 шілде: Көшпелі бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +18...+20°C, күндіз +28...+30°C.
21 шілде: Көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +16...+18°C, күндіз +24...+26°C.
Алматы
19 шілде: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 3-8 м/с. Түнде +25...+27°C, күндіз аптап ыстық +40...+42°C.
20 шілде: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел 3-8 м/с. Түнде +24...+26°C, күндіз +40...+42°C.
21 шілде: Көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +24...+26°C, күндіз +35...+37°C.
Шымкент
19 шілде: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +26...+28°C, күндіз ауа температурасы +45...+47°C-қа дейін көтеріледі.
20 шілде: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 8-13 м/с. Түнде +27...+29°C, күндіз +40...+42°C.
21 шілде: Көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел 8-13 м/с. Түнде +23...+25°C, күндіз +33...+35°C.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:17, 8 тамыз 2026
Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерден өтініштер қабылдау 10 тамыздан басталады
-
17:07, 8 тамыз 2026
Бельгия королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады
-
16:20, 8 тамыз 2026
Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады - синоптиктер
-
16:11, 8 тамыз 2026
Садақ атудан 2026 жылғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
-
15:59, 8 тамыз 2026
Арлан Жаңабай триатлоннан өткен Азия кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді





