Алаяқтықтан зардап шеккен қазақстандықтарға жақсы жаңалық айтылды
© Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 12 қыркүйекте Астанада өткен конференцияда Ұлттық Антифрод Орталығының директоры Айнур Измайлова алаяқтар ұрлаған ақшаны қалай қайтаратындарын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айнур Измайлова орталықтың 2024 жылғы шілдеде құрылғанын еске салды.
"Осы орталықтың арқасында әртүрлі алаяқтық схемалар бойынша 3 млрд теңгенің аударылуы алдын алынды – ақшалар алушы жағынан бұғатталды", – деді ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, алаяқтық құрбандарына ақшаны қайтару тәртібі заңдық тұрғыдан қайта қаралған.
"Ақшаны қайтару бойынша өзгерістер болды. Бұрын бұл тек сот шешімі арқылы жүзеге асуы керек деп есептелген, бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл өте ұзақ уақытты талап етеді. Ал 30 тамыздан бастап енгізілген өзгерістер күшіне енді. Қазір біз зардап шеккендерге ақшаны қайтару жұмысын ұйымдастыру үстіндеміз және алдағы уақытта алушы жағынан тоқтатылған қаражатты адамдар сотсыз қайтара алады", – деп атап көрсетті Айнур Измайлова.
Ол барлық процедура прокурор санкциясымен іске қосылатынын нақтылады.
"Тергеуші шешім дайындайды, себептерін көрсетеді, прокурор санкциясымен бұл бір–екі күнде жасалады, ал банк бір операциялық күн ішінде орындайды. Яғни процесс әлдеқайда жеңілдетіледі және адамдар өз ақшаларын тезірек қайта алады", – деп қорытындылады директор.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева қазақстандықтардың сандық персоналды деректерін қорғауды жақсарту үшін Парламент қандай жауаптар дайындап жатқанын айтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:18, 13 мамыр 2026
Сәбиді Таиландтан шұғыл түрде Алматыға жеткізді
-
15:05, 13 мамыр 2026
Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар
-
14:57, 13 мамыр 2026
Бақбақты жұлғаны үшін 13 млн теңге айыппұл: сирек кездесетін өсімдікті кәдімгі бақбақтан қалай ажыратамыз
-
14:43, 13 мамыр 2026
ІІМ Қызылордадағы колледж студентінің өліміне қатысты пікір білдірді
-
14:34, 13 мамыр 2026
Қазақстандағы АЭС: су радиациялық ластанудан қалай қорғалады





