Алатау қаласы бюджетіндегі шығындар көлемі ұлғайтылды

17:53, 16 қыркүйек 2024

© Сурет: primeminister.kz

Алатау қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізетін мәслихат шешімнің жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, кірістер 2 268 014 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

  • кiрiстер 2 268 014 мың теңге, оның iшiнде:
  • салықтық түсiмдер 1 204 793 мың теңге;
  • салықтық емес түсiмдер 5000 мың теңге;
  • негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 5000 мың теңге;
  • трансферттер түсiмі 1 053 221 мың теңге;

Сонымен қатар шығындар 2 268 014 мың теңгеден 3 495 014 мың теңгеге дейін ұлғайтылған.


"2024 жылға арналған қалалық бюджетті өзгерту жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексіне және «2024 жылға арналған облыстық бюджет көрсеткіштерін түзету туралы" Алматы облысы әкімдігінің 08 тамыздағы №252 қаулысына сәйкес қалыптастырылды. 2024-2025 жылдарғы жылыту маусымын апатсыз және тиісінше өткізу мақсатында Алатау қаласының Жетіген шағын ауданының мекенжайы бойынша жылыту қазандығын сатып алуға және ДОС қазандығын ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша қызметтерді сатып алу үшін 37170,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатын қарау қажеттілігі туындады", делінген құжатта бюджетті ұлғайту себебін нақтылаған жерінде.

Құжат қоғамдық талқы үшін Ашық НҚА порталына 21 қыркүйекке дейін орналастырылды.

Айта кетсек, 12 қыркүйекте Үкімет жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалық кеңсе құрылатыны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!