Ақтөбеде полиция 20-дан астам тұрғынды сан соқтырған күдіктіні ұстады

15:18, 12 желтоқсан 2024

© Фото: pexels

Полицияға алаяқтың құрбаны болған азаматтар жүгінді.

Полиция берген мәліметке сай, ол заңгерлік қызмет көрсету сылтауымен 22 ақтөбеліктің ақшалай қаражатын иемденген.

Адвокаттың ақысын төлеген адамдар ешқандай көмек алмаған.

Қазіргі уақытта 22 жәбірленуші анықталды, жалпы шығын 10 миллион теңгеге жуық.

Полицейлер 26 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!