Ақтөбе тұрғыны қызды зорлап, артынша оны жетінші қабаттан лақтырып жіберген

12:55, 20 сәуір 2024

© Сурет: freepik

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өткен жылы жазда болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті қызды зорлап, артынша жетінші қабаттағы балконнан итеріп жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот 2023 жылдың 8 маусымында күдіктінің Ақтөбе қаласындағы пәтерінде алкогольдік масаң күйде бола тұра, жәбірленушіге күш қолданып, оны зорлағанын анықтады. Содан соң, сотталушыда жәбірленушіні қасақана өлтіру ойы туындаған. Сөйтіп ол зорлау қылмысын жасыру мақсатында қызды үйдің жетінші қабатынан итеріп жібереді.

"Жәбірленуші екі қолымен балконның ағаш жақтауына ілініп, құлап қалмауға тырысты, алайда сотталушы өзінің қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізу үшін жәбірленушінің екі қолының артқы бетіне доғал затпен соққы бере бастады. Алынған соққылардан кейін жәбірленуші жетінші қабат биіктігінен құлады", делінген Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жәбірленуші қылмыс орнында жан тапсырды.

"Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, кәулардың, сарапшылардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, алу хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен расталды".

Соттың үкімімен сотталушы А. кінәлі деп танылып, оған қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы негізінде 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушыдан жәбірленушілерге 10 000 000 теңге моралдық зиян өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!