АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар дайындады
© Сурет: freepik
Шетелдік БАҚ АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеп қойғанын жазуда. Алайда олардың қашан енгізілетіні белгісіз, деп хабарлайды Zakon.kz.
РБК деректеріне сүйенсек, Вашингтон Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс бойынша бейбіт келісім қабылданбаған жағдайда, Ресейдің энергетика саласына қысымды күшейтуді жоспарлаған. Ал Ресей билігі бұл санкцияларды заңсыз деп санайды.
Қарастырылып жатқан шаралардың ішінде АҚШ "көлеңкелі флотқа" тиесілі деп есептейтін және теңіз арқылы мұнай тасымалдауда пайдаланылатын кемелерге қарсы санкциялар енгізу нұсқалары бар.
Сондай-ақ бұл операцияларға көмектесіп жүрген трейдерлерге де санкция салынуы мүмкін.
Politico басылымының жазуынша, Еуроодақ та Ресейге қарсы кезекті, 20-шы санкциялар пакетін дайындап қойған. Оның қабылдануы әзірге кешеуілдеп тұр, бірақ Еурокомиссия оны "кез келген күні" бекітуі мүмкін.
Басылым дереккөздерінің айтуынша, санкциялар 24 ақпанға дейін жариялануы ықтимал.
Жаңа санкциялар пакеті аясында ЕО Ресейден кейбір металдардың, атап айтқанда иридий, родий, платина және мыс импортына шектеу қоюы мүмкін.
Алайда Politico-ның дереккөздері бұл ақпаратты ресми түрде растаудан бас тартты. Ал Еуроодақтың Ресейге қарсы соңғы, 19-шы санкциялар пакеті өткен жылдың 23 қазанында енгізілген.
Бұған дейін Венецияда әйгілі карнавал басталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:09, 5 ақпан 2026
2026 жылғы қысқы Олимпиада басталар алдында спортшылар қандай қиындықтарға тап болды
-
12:55, 5 ақпан 2026
Ресей мен АҚШ арасындағы ядролық қаруды шектеу жөніндегі негізгі келісімнің мерзімі аяқталды
-
12:46, 5 ақпан 2026
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер өтпей қалуы мүмкін
-
12:37, 5 ақпан 2026
Сегізінші сынып оқушысы мектепке өрт қойып, сыныптастарына балғамен шабуыл жасаған
-
12:23, 5 ақпан 2026
Қазақстандықтарға берілетін несиелер өсімі бәсеңдеді





