TikTok-та «стримге» шығып, әңгіме айтқан шымкенттік әйел сотталды

19:24, 6 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ісі қаралған әйел діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеті үшін жазаға кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2023 жылдың тамызы мен 2024 жылдың қыркүйегі аралығында TikTok-тағы өз парақшасында "неотәңіршілдік" дініне қатысты "стримге" шығып, желіні қолданушылар арасында ислам дінін ұстанушыларға қарсы діни алауыздықты қоздыруды негіздейтін ойларын жария еткені анықталды.

"Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді. Сот К-ға жаза тағайындауда қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықтамағанын, сонымен қатар, сотталушының жасаған іс-әрекеттеріне өкініш білдірмегенін ескерді. Оны ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, түпкілікті 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады", делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Алматыда бөлшектелген әйел денесі табылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!