Айыппұл арқаламау үшін автотұраққа қалай төлем жасау керек
© Сурет: Zakon.kz
Көптеген алматылықтарды көшеде көлік қоятын орындардың тапшылығымен қатар, автотұрақ мәселесі, айыппұлға ілінбеу үшін бұл қызметті қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы сұрақ мазалайды. Көбісі автотұрақтарға қатысты толық ақпаратты білмеуі де мүмкін.
Алматыда он бір мың ақылы автотұрақ орны бар. 2023 жылдың жазында олар қала меншігіне берілді. Тұраққа төленген барлық қаражат қала бюджетіне түседі. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл қаражат шаһарды көркейтуге бағытталады.
Әкімдік автотұрақтарға байланысты алматылықтарды жиі мазалайтын сұрақтарға жауап берді.
Автотұраққа қалай төлеу керек?
Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін ақылы тұрақ жүйесі бірнеше төлем әдісін қарастырады.
Kaspi қосымшасы арқылы автотұрақ үшін қалай дұрыс төлем жасауға болады?
Kaspi қосымшасында тұрақ төлемі алдын ала төлем негізінде жүзеге асырылады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
• Kaspi қосымшасын ашыңыз.
• "Төлемдер" бөліміне өтіп, "Алматы автотұрақтары" тармағын таңдаңыз.
• Тұрақ аймағының нөмірін, көлік нөмірін енгізіп, тұрақ уақытының мерзімін таңдаңыз.
• Төлем жасаңыз. Байланған картадан қаражат алынып, тұрақ сессиясы төлем расталған сәттен басталады.
• Сондай-ақ, автокөлігіңіз үшін төленбеген тұрақтар туралы еске салу функциясын қоса аласыз.
"Алматы автотұрақтары" қосымшасы арқылы төлем қалай жүргізіледі?
"Алматы автотұрақтары" қосымшасы арқылы төлем жасау үшін:
• App Store немесе Google Play арқылы қосымшаны жүктеп, орнатыңыз.
• Тіркеліп, банк картасы мен автокөлік нөмірін қосыңыз.
• Тұрақ нөмірін енгізіп, "Тұраққа қою" батырмасын басыңыз, төлем әдісін таңдаңыз (алдын ала төлем немесе кейінгі төлем).
• Тұрақ уақытын көрсетіңіз, жоспарланған уақыттан ерте кеткен болсаңыз, тұрақ сессиясын аяқтаңыз. Тұрақты ерте аяқтаған кезде қалған қаражат қосымшадағы шотқа қайтарылады.
Kaspi мен "Алматы автотұрақтары" қосымшалары арқылы төлем жасаудың айырмашылығы неде?
• Kaspi қосымшасында тек алдын ала төлем жүйесі қолжетімді.
• "Алматы автотұрақтары" қосымшасында алдын ала төлем және кейінгі төлем жүйесі қолжетімді. Қосымша пайдаланушыға тұрақ сессиясын ертерек аяқтап, пайдаланылмаған уақыт үшін қаражатты шотқа қайтаруға мүмкіндік береді.
Тұраққа төлем жасамағаны үшін қандай айыппұл қарастырылған?
Тұраққа төлем жасамағаны үшін айыппұл ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 4-1-бөліміне сәйкес 3 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде тағайындалады. 2024 жылы айыппұл 11 076 теңгені құрайды.
Егер төлем жасауды ұмытып кетсеңіз, айыппұл қанша уақыт ішінде келеді?
Егер тұрақ төлемі уақытында төленбесе, төлем туралы хабарлама тұрақ сессиясы аяқталғаннан кейін берілуі мүмкін. Жүргізуші айыппұл алмау үшін сол күні 23:59-ға дейін "Алматы автотұрақтары" қосымшасы арқылы тұрақты төлей алады. Егер бұл уақытқа дейін төлем жасалмаса, мәліметтер әкімшілік құқық бұзушылықтар жүйесіне жіберіледі.
Push-хабарламалар неге көлік иелеріне келмейді?
Бұл жағдай Kaspi банкінің клиенті бұрын осы көлік нөмірі үшін тұрақ ақысын төлеп, тұрақ төлемін еске салу туралы хабарламаларды алуға келіскен болса, орын алуы мүмкін. Тағы бір себебі – тұрақ жүйесіндегі деректердің дұрыс енгізілмеуі, бірақ мұндай жағдайлар барлық хабарламалардың бір пайызынан азын құрайды. Егер хабарламаларды алғыңыз келмесе, Kaspi қосымшасындағы хабарламаларды өшіре аласыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:33, 10 қазан 2024
Дзюдодан Grand Slam турнирі: қазақстандық балуандардың қарсыластары анықталды
-
19:17, 10 қазан 2024
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік рейтингіде 11-орынға көтерілді
-
18:55, 10 қазан 2024
Алматыда жоғалып кеткен Lenovo директоры өлі табылды
-
18:34, 10 қазан 2024
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифингіде не айтты
-
18:31, 10 қазан 2024
СҚО-дан есірткі алып келген таратушылар Ақмола облысында ұсталды