Air Astana жолаушылар ұшағы Баку әуежайына қонуға мәжбүр болды
© Сурет: Zakon.kz
Air Astana авиакомпаниясының ұшағы Бакудегі "Гейдар Әлиев" халықаралық әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға 2025 жылдың 24 наурызына қараған түні болды. Тбилиси – Алматы бағыты бойынша рейс көкке көтерілді.
"Air Astana әуекомпаниясының Airbus A321 әуе кемесінің капитаны Гейдар Әлиев халықаралық әуежайға қонуды сұрады. Мұның себебі - борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлаған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 00.25-те сәтті қонды", - деп жазады oxu.az Әзірбайжан порталы.
Жолаушыға оқиға орнында көмек көрсетіліп, кейіннен ол шұғыл ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Air Astana әуе компаниясының шешімі бойынша осылайша рейс өз уақытынан кешіктірілді. Қалған жолаушылар қонақ үйге орналастырылды. Zakon.kz. қосымша ақпарат алу үшін авиакомпанияға ресми сауал жолдады.
Бұған дейін Air Astana әуе компаниясы ұшу қауіпсіздігін арттыру үшін литий батареялары мен оларды қамтитын құрылғылардың тасымалдануын бақылау шараларын қатаңдатқаны туралы мәлімдеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





