Аида Балаева «Қазтелерадио», «Қазақфильм» және «Астана Опера» МӨБ директорлар кеңесі құрамына кірді
© Сурет: ЕАМФ-1
Қазақстан Үкіметі "Қазтелерадио"АҚ, "Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" және "Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы 2024 жылғы 24 сәуірдегі қаулысын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, республика заңнамасында белгіленген тәртіппен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваны "Қазтелерадио" акционерлік қоғамдарының, "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының" және "Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін, - делінген құжатта.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева лауазымға 2023 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалды, 2024 жылғы 6 ақпанда қайта тағайындалды. Бұған дейін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:21, 21 мамыр 2024
Олжас Бектенов: Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне толық кепілдік берілуге тиіс
-
12:14, 21 мамыр 2024
Тоқаев: ШЫҰ аясында туристік және энергетикалық салалар бойынша 100-ден астам іс-шара өтті
-
12:03, 21 мамыр 2024
ШЫҰ-ға мүше елдер «үш зұлым күшке» бірігіп тойтарыс бермек
-
12:03, 21 мамыр 2024
ШЫҰ-на мүше елдер «үш зұлым күшке» бірігіп тойтарыс бермек
-
11:50, 21 мамыр 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді