Ай мен Шолпан Көк Төбе төрінде: Алматы аспанындағы ғажайып көрініс

19:40, 15 қыркүйек 2026
MKZ: 1567027

© Сурет: Instagram/dots_foto

Алматылық танымал фотограф Дмитрий Доценко 2026 жылғы 14 қыркүйек кешінде жас Айдың Шолпанға жақындаған сәтін түсіріп, әсерлі кадрларды Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Доценконың айтуынша, бұл – биылғы жылы Шолпан мен Айдың бір-біріне ең жақын орналасқан сәті. Кейбір елдерде тіпті Ай Шолпанды толық жауып қалған.

"Алматыда олар кешкі аспанда тоғысты. Бұл құбылысты қаламыздың символы – Көк Төбе телемұнарасы аясында түсіру үшін арнайы нүктені есептеп таңдадым. Өте әдемі, тіпті сиқырлы көрінді", – деді Дмитрий Доценко.

Суретті көрген желі қолданушылары да өз әсерлерін бөлісті:

  • Дағыстан тауларында да жақсы көрінді.
  • Шедевр! Әдеттегідей.
  • Керемет түсірілім.
  • Сөзбен айтып жеткізгісіз! Бірде мұны көзбен көру бақыты бұйырған еді. Есте қалыпты.
  • Мен де кеше көрдім, бірақ оның Шолпан екенін білмедім.
  • Дәл сол уақытта ұшақта ұшып бара жатқан едім, өте әдемі болды, – деп жазды пікір қалдырушылар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!