Абай облысында мектеп директоры мұғалімдерді ауыр жұмысқа жеккен
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Абай облысы Қарауыл ауылындағы мектеп-гимназия директоры ұстаздарды ауыр жұмысқа жеккен. Мұғалімдерге сынып бөлмелері мен спорт залын жөндеткен.
Тіпті басшының үйі мен қыстағында құдық қазып, қорасы мен моншасының құрылысын жүргізген. Әбден мезі болған 19 ұстаз білім басқармасына шағымданады. Тексерістің қорытындысы бойынша Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры қызметінен босатылды.
"Мен енді мектептің ішін, спортзалын да істедім. Мектептің пластик терезелерін де істедім. Акт залына жөндеу жасадық, жалғыз мен емес ұлдардың бәрі істеді. Үйінің жұмысын істедік. Қыстағының жұмысын істедік." Ернар Нұрғазин, мектеп мұғалімі
Ұстаздар қызметінен кеткен директор әлі де маза бермейтіндігін айтады. Өйткені басшылықтан босаған соң, информатика мұғалімі болып жұмысқа тұрған. Содан бері қысым қайта жалғасқан. Тіпті оның ерсі қылықтары бейнебақылау камерасына да түсіп қалған, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал білім ошағының бұрынғы басшысы әріптестерінің сөзін жоққа шығарып отыр. Ол қара жұмысқа ешкімді салмадым, ешкімге ауыр сөз айтпадым дейді.
"Мені жұмысқа салды, 9 жыл бойы үйге салды деген маған тағылған айытаптар жалған. Өз ниеттерімен істейміз деді. Қазіргі заманда ешкімді мәжбүрлеп жұмысқа апармайды." Роллан Тілеуханов, мектептің бұрынғы директоры
Соңғы жайт бойынша тағы тексеріс жүргізіліп, басы дауға қалған Роллан Тілеухановқа сөгіс берілген. Алайда бұл аз, дейді мұғалімдер. Олар ар-намысымызды таптаған адам тиісті жазасын алсын деп талап етуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:58, 25 сәуір 2025
Бюджеттік процесс саласындағы интегратор анықталды
-
15:53, 25 сәуір 2025
Қазақстандықтарға құжаттардың түпнұсқасын дайындау ұсынылды
-
15:49, 25 сәуір 2025
Павлодарда қарағайлы орман резерватының қызметкерлері сотталды
-
15:46, 25 сәуір 2025
25 сәуірдегі сауда барысында доллар бағамы одан әрі төмендеді
-
15:38, 25 сәуір 2025
Тұрғын үйге мұқтаждарды, оның ішінде қандастарды есепке қоюдың жаңа қағидалары бекітілді
Танымал жаңалықтар
-
17:42, 24 сәуір 2025
-
17:10, 24 сәуір 2025
-
19:26, 24 сәуір 2025
-
17:04, 24 сәуір 2025
-
16:52, 24 сәуір 2025
-
17:20, 24 сәуір 2025
-
18:11, 24 сәуір 2025
-
17:35, 24 сәуір 2025
-
19:14, 24 сәуір 2025
-
18:21, 24 сәуір 2025
-
20:08, 24 сәуір 2025
-
16:23, 24 сәуір 2025
-
16:50, 24 сәуір 2025
-
17:20, 24 сәуір 2025
-
19:41, 24 сәуір 2025