8 желтоқсанда Күн бетінде бес жарқыл тіркелді
© Сурет: Telegram/lpixras
8 желтоқсан, дүйсенбі күні Күнде қатарынан бес жарқыл тіркелді. Олардың арасында рентгендік сәуле шығару шкаласы бойынша ең қуатты саналатын X класты жарқыл да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратты ТАСС-қа Қолданбалы геофизика институты жеткізді.
Таңертең, Мәскеу уақытымен 09:54-те, 4299 күн дақтары тобында M1.8 класты жарқыл болып, ол 24 минутқа созылды. Кейінірек, 16:05-те, 4294 аймақта тағы бір жарқыл – M1.0 класты құбылысты тіркеді, оның ұзақтығы 39 минут болды.
Бұған дейін мамандар түнде болған екі M класты жарқыл туралы және қуаты ең жоғары деңгей саналатын X класты оқиға туралы хабарлаған еді. Бірнеше жарқыл жылдағы ең ірі күн дақтары кешені орналасқан 4294, 4296 және 4298 аймақтарында болды.
Күн жарқылдары қуатына қарай бес негізгі деңгейге бөлінеді: A, B, C, M және X. Әрбір келесі класс алдыңғысына қарағанда сәуле шығару қарқындылығы бойынша он есе күшті. Мұндай құбылыстар көбіне плазма тасталымдарымен қатар жүреді. Олар Жердің магнитосферасына жеткенде магниттік дауылдар тудыруы мүмкін.
Бұған дейін ғарыштан түсірілген Меккенің таңғажайып суреті көптің таңданысы мен қуанышын тудырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:55, 9 желтоқсан 2025
Атырауда «Ашықтық, заңдылық, адалдық» форумы өтті
-
11:43, 9 желтоқсан 2025
Алматыда ұрланған сейфті алып қашпақ болған күдікті қолға түсті
-
11:37, 9 желтоқсан 2025
Әскери қызметшілер үшін несие жеңілдігі: қалай пайдалану керек
-
11:26, 9 желтоқсан 2025
Артық су берілмейді - Олжас Бектенов фермерлерге лимиттен аспауға нұсқау берді
-
11:15, 9 желтоқсан 2025
50 жастағы гимнастика аңызы 2028 жылғы Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отыр





