100 тапсырма, құны 15 мың теңге: Қазақстан азаматтығына үміткерлер 8 желтоқсанда тест тапсырады
© Фото: Zakon.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеу 8 желтоқсанда өтетінін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Тестілеуге өтініш қабылдау 27 қарашада басталып, 7 желтоқсанда сағат 18:00-де аяқталады. Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының сайты немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады.
Тест үш бөлімнен тұрады:
- Қазақ тілі – 30 тапсырма. Шекті балл – 15.
- Конституция негіздері – 40 тапсырма. Шекті балл – 20. Тестті қазақ немесе орыс тілінде тапсыруға болады.
- Қазақстан тарихы – 30 тапсырма. Шекті балл – 15. Тестті қазақ немесе орыс тілінде тапсыруға болады.
Үміткер ең көбі 100 балл жинай алады. Жалпы шекті балл – 50.
Тапсырмаларды орындауға 2 сағат 10 минут беріледі. Мүгедектігі бар адамдарға қосымша 30 минут бөлінеді. Тестілеуге қатысу құны – 14 693 теңге.
Бұған дейін Қытай университеттеріне оқуға түскісі келетін қазақстандық талапкерлерге жаңа талап туралы ескертілген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:55, 26 қараша 2026
Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт орнынан фотосуреттер жарияланды
-
15:46, 26 қараша 2026
Доллар тағы қымбаттады: Айырбастау пункттерінде бағам қандай
-
15:31, 26 қараша 2026
KazSat-2 серігі көму орбитасына көшіріледі. Бұл нені білдіреді
-
15:22, 26 қараша 2026
Геннадий Головкин Михаил Шайдоровқа Ұлттық олимпиада комитетінің ең жоғары наградасын табыстады
-
15:11, 26 қараша 2026
Алматыда жаңбыр мен қар жауып, күн суытады: 27–29 қарашада Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болады





