17 тамыздан бастап Қазақстан халықаралық рейстерді аша бастайды

22:28, 12 тамыз 2020

Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, ҚР ДСМ ұсынымдары мен эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының картасына сәйкес 2020 жылғы 17 тамыздан бастап БАӘ, Беларуське, Германияға, Нидерландыға, Египетке, Украинаға және Ресейге халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік жоғарыда аталған елдердің авиациялық органдарымен бірлесіп тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіру мәселесін алдын-ала пысықтады.

Осылайша, бұл елдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес (термометрия, әлеуметтік дистанция, маска режимі, ПТР тестілеу және т.б.) Қазақстанмен ұшуды қалпына келтіруді қолдайды.

Сонымен бірге, Ресейге ұшу үшін Ресей тарапынан рұқсат талап етілетінін атап өткен жөн.

Халықаралық бағыттар бойынша рейстердің саны әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім негізінде және әр бағыттағы әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты орындалады.

Рейстер мен билеттерді сату әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулер алынып және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылатын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!