22 шілдеде Қазақстан бойынша телеарна мен радионың көрсетілімі уақытша тоқтатылады

13:28, 20 шілде 2026
MKZ: 1557020

© Фото: pexels

22 шілдеде Қазақстан аумағында телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық телерадио хабарларын тарату операторының хабарлауынша, III тоқсанға жоспарланған профилактикалық жұмыстарға байланысты 22 шілде күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық телерадио желілерінде хабар тарату уақытша тоқтатылады.

Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар ел бойынша телерадио хабарларын тұрақты әрі сапалы таратуды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай жоспарлы профилактикалық жұмыстар Қазақстан бойынша биыл 15 сәуірде өткізілген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!