9 мыңнан астам қазақстандық 400 АЕК-ке дейін грант алды: Еңбек министрлігінің 2025 жыл қорытындысы
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 306,2 мың адам қамтылды. Жалпы алғанда 912,8 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылған. Бұл олардың атына міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталады.
Бұл туралы 2026 жылғы 20 қаңтарда жарияланған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми хабарламасында айтылды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 171,8 мың адам жұмысқа ораналасты, оның ішінде:
- әлеуметтік жұмыс орындарында 13,5 мың адам,
- жастар практикасында 30,6 мың адам,
- қоғамдық жұмыстарда 100,8 мың адам,
- "Күміс жас" жобасы аясында 19,4 мың адам,
- "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша 7,1 мың адам,
- "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы шеңберінде 335 адам жұмыспен қамтылды.
Жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтарға 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 9 239 грант берілді.
Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 63,5 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 56,6 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алды.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 52 мың адам қамтылды, оның ішінде 29,3 мың адам оқуды аяқтады.
Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 9 734 адам жіберілді, оның ішінде 8 535 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағаннан кейін 7 442 адам жұмысқа орналасты.
Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 387 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.
Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн.
Осылайша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 912,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде – 181 мың адам;
- Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер орналастырған бос жұмыс орындарына 254,1 мың адам;
- Мемлекет басшысының "10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны" бастамасы шеңберінде – 434 мың адам;
- орталық мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар шеңберінде – 43,7 мың адам жұмыспен қамтылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:45, 20 қаңтар 2026
Молдова ТМД қатарынан шығуды жоспарлап отыр
-
10:34, 20 қаңтар 2026
Астана-1 теміржол вокзалының қайта жаңарту жоспары таныстырылды
-
10:23, 20 қаңтар 2026
Болгария президенті Румен Радев отставкаға кететінін мәлімдеді
-
10:16, 20 қаңтар 2026
Қазақстандық жасөспірімдер ресейлік және беларусьтік спортшылармен хоккей ойнайды
-
10:07, 20 қаңтар 2026
Алматы хайуанаттар бағы «Шыршаны тапсыр» акциясын қорытындылады





