15 млн теңге жымқырған алаяқ алты жылға сотталды
© Фото: Zakon.kz
Тараз қаласының тұрғыны өзінің танысын оңай олжамен қызықтырып, 15 миллион теңгесінен айырды.
Ол апатты жағдайда тұрған ғимаратты қайта рәсімдеп, жекешелендіріп беруге уәде етіп, жәбірленушінің сеніміне кірген.
Қолма-қол санап берген қомақты қаражаттан кейін, күдікті түрлі сылтаулар айтып, жеті ай бойы танысын сендіріп келген.
Алайда уақыт өте келе ғимараттың мүлде басқа адамның атына рәсімделіп кеткенін естіген жәбірленуші құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болды.
Жүргізілген тергеу нәтижесінде алаяқтың қылмысы дәлелденіп, сот үкімімен ол алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Енді ол жазасын қауіпсіздігі аралас мекемеде өтейді. Сонымен қатар сот шешімі бойынша жымқырылған 15 миллион теңгені, 3,5 миллион теңге тұрақсыздық айыбын және сот шығындарын өтеп беру міндеттелді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:11, 15 наурыз 2026
Атырау облысында ғасыр жасаған кейуаналар дауыс берді
-
16:48, 15 наурыз 2026
Дауыс беру үшін аспаннан түсті: Өскеменде референдумға әуе шарымен және парапланмен ұшып келген
-
16:34, 15 наурыз 2026
Референдумның тарихи маңызы бар: Қырғызстан ОСК төрағасы Қазақстандағы референдум туралы
-
16:22, 15 наурыз 2026
Референдумда дауыс бергендер туралы жаңартылған мәлімет жарияланды
-
16:11, 15 наурыз 2026
2026 жылғы Референдум: халықаралық бақылаушылар дауыс беру барысы туралы айтты





