«1 млн теңге салсаң – 5 млн болып қайтады»: Ер адам таныстарын «инвестицияға» тартып, тақырға отырғызып кеткен
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтаулық азамат таныстарын "инвестицияға" тартып, шамамен 40 млн теңгені жымқырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың күзінде Ақтау қаласының тұрғыны танысына өзін шетелдік компаниялардың акцияларымен сауда жасау жөніндегі маман ретінде таныстырған.
Ұсынған схемасы сырттай тиімді көрінген: бір миллион теңге салсаң – бес миллион болып қайтады. Жылдам, сенімді, тәуекелсіз. Кемінде, ол осылай уәде берген.
"Ортақ таныстары арқылы ер адам тағы бір "инвестор" тапқан. Аса жоғары пайдаға сенген екі әйел оған ірі көлемдегі қаражатты қолма-қол және банк аударымдары арқылы беріп отырған. Әр жолы ол алынған соманы растап, қолхат жазып берген",- делінген ақпаратта.
Осылайша, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында азамат екі жәбірленушіден жалпы сомасы 39,5 миллион теңгеден астам қаражат алған. Алайда уәде етілген табыс та, салынған қаржы да қайтарылмаған.
Апелляциялық сатыдағы сот оны аса ірі мөлшерде, бірнеше рет жасалған алаяқтық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танып, алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Бұл ретте, айыпталушы кассациялық сотқа шағым түсіріп, 2022 жылдың ақпан–сәуір айларында жәбірленушілердің бірінен 9 миллион теңге алмағанын көрсеткен. Оның айтуынша, сол кезеңде шетелде болғандықтан, қолхат жазып, ақша қабылдауы мүмкін емес еді. Осыған байланысты ол әрекетті қайта саралап, жазаны жеңілдетуді сұраған.
Алайда кассациялық сот қорғау тарапының бұл уәждерін негізсіз деп таныды.
"Сот-қолтаңбатану сараптамасының қорытындысына сәйкес, 2022 жылғы 23 ақпан мен 7 сәуір күндері 2 және 7 миллион теңгеге жасалған қолхаттарды сотталушының өзі жазып, өзі қол қойғаны анықталған. Сонымен қатар сот жәбірленушінің бірізді әрі қарама-қайшылықсыз айғақтарын назарға алған. Ол аталған қаражатты беру үшін несие ресімдегенін және оны осы уақытқа дейін өтеп жатқанын көрсеткен. Анықталғандай, қолхаттардағы күндерді сотталғанның өзі қойған, ал жәбірленуші оларды ақшаны нақты берген күндермен салыстырып тексермеген",- деп мәлімдеді сот.
Нәтижесінде кассациялық сатыдағы сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Осылайша, таныстардың сеніміне негізделген "инвестициялық" схема сотталған адам үшін нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:22, 25 ақпан 2026
Балалар жазушысы күйеуін сақтандыру ақшасы үшін өлтірді деген айыппен сотталуда
-
13:17, 25 ақпан 2026
Семейде сталкерге сот үкімі шықты
-
13:06, 25 ақпан 2026
Қытай ядролық сынақтар жүргізді деген айыптауларды жоққа шығарды
-
12:57, 25 ақпан 2026
Астанада полиция пәтер тонаған күдіктіні қолға түсірді
-
12:48, 25 ақпан 2026
Мәжіліс депутаттары «Эпштейн тізіміндегі» барлық қазақстандық шенеуніктерді тексеруді сұрады





