3 млн 500 мың теңгеге жуық - әлем елдерінің орташа айлық жалақы деңгейі белгілі болды

14:35, 19 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

Әлемдік жалақы рейтингінде біздің ел Ресей, Беларусь, Грузия, Өзбекстанды басып озып, 97 елдің ішінде 67-ші орында тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Numbeo статистикалық платформасының сарапшылары соңғы 12 айдағы орташа айлық жалақы туралы мәліметтерге негізделген рейтинг құрастырды.

2024 жылғы 19 қыркүйекте жаңартылған соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан рейтингте Таиланд пен Ресейдің ортасында, 67-ші орында тұр. Numbeo біздің елдегі орташа айлық жалақы 279 491 теңгені (шамамен 582 АҚШ доллары) құрады деп мәлімдейді. Ресейдің көрсеткіші де бізге қарайлас, 268 205 теңгеге тең.

Бір қызығы, 2024 жылдың тамыз айының басында ҚР Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың екінші тоқсанында республика бойынша номиналды жалақының орташа мәні 403 251 теңгені құрады деп мәлімдеді. Бұл рейтингте көрсетілген сомадан әлдеқайда көп.

Орталық Азияның басқа елдерінен рейтингке тек көршілес Өзбекстан ғана кірді. Ол 76-шы орында, жалақы мөлшері — 210 734 теңге (439 доллар).

3 млн 500 мың теңгеге жуық — әлем елдерінің орташа айлық жалақы деңгейі белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2024 14:35

Сурет: numbeo

Бұрынғы КСРО-ның құрамындағы елдер рейтингте былайша орналасқан: Армения — 64-ші орында (290 116 теңге, 604 доллар), Молдова – 65-ші орында (288 644 теңге, 602 доллар), Беларусь – 69-шы орында (249 313 теңге, 519 доллар), Әзірбайжан – 75 (210 923 теңге, 439 доллар), Украина — 81-ші орында (189 228, 394 доллар).

3 млн 500 мың теңгеге жуық — әлем елдерінің орташа айлық жалақы деңгейі белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2024 14:35

Сурет: Numbeo

Ал, ең жоғарғы орташа жалақы белгіленген үздік бестікке келесілер кіреді:

  • Швейцария — 3 450 070 теңге (7 187 доллар);
  • Люксембург — 2 894 673 теңге (6 030 доллар);
  • АҚШ — 2 179 220 теңге (4 540 доллар);
  • Сингапур — 2 154 813 теңге (4 489 доллар);
  • Катар — 2 016 837 теңге (4 201 доллар).

Бұған дейін 208 мың теңге көлеміндегі арнаулы әлеуметтік төлемді қалай алуға болатындығын айттық.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!