6 мамырда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі

09:36, 6 мамыр 2024

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

"Қазгидромет" РМК дүйсенбі, 6 мамырда Атырау, Ақтөбе және Астана қалаларында ауаның ластануы мен қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Бұған дейін Қазақстанның 15 облысында 6 мамырда дауылды ескерту жарияланған болатын. Синоптиктер жаңбыр, найзағай, тіпті аяз болады деп болжап отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!