16 қыркүйектегі саудада доллар өсті

16:08, 16 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 16 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,10 теңгеге көтеріліп, 480,61 теңгені құрады.

Қытайда 2024 жылдың 16-18 қыркүйегі аралығындағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда-саттық болған жоқ.

Ақша айырбастау орындарында доллар 479,5-481,5 теңгеге, еуро 531-535 теңгеге, ресей рублі 5,19-5,29 теңгеге сатылуда.

Ал, 16 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,23 долларға қымбаттап, 71,84 долларға жетті.

Нью-Йорк NYMEX (New York Merchantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы барреліне $0,34 өсіп, $68,99 құрады.

16 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 479,38 теңге, еуроны 531,63 теңге, рубльді 5,27 теңге деп бекітті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!