20 қыркүйекте елімізде күн райы қалай құбылады
© Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батыс облыстары антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады, республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн құбылмалы болады.
"Елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады", - деді синоптиктер.
Синоптитер еліміз бойынша екпінді жел соғып, тұман түседі, түнде Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +17+19°С.
Алматыда күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, кей уақытта екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +15+17°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +22+24°С.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті