4 қазандағы саудада доллардың арзандауы жалғасуда

15:57, 4 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 4 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,90 теңгеге төмендеп, 481,84 теңгені құрады.

Қытайда 2024 жылдың 1 қазаны мен 7 қазаны аралығындағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда жүргізілмеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 481,5-483,5 теңгеге, еуро 530,5-534,5 теңгеге, ресей рублі 5,05-5,17 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 4 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері сауда барысында 0,90%-ға қымбаттап, барреліне 78,32 долларды құрады. Brent маркалы мұнай соңғы рет 30 тамызда қымбаттады – барреліне $78,80.

Nymex биржасында WTI маркалы мұнай 0,91% қымбаттап, барреліне 74,38 доллардан сатылды.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 482,86 теңге, еуроны 533,17 теңге, рубльді 5,08 теңге деп белгіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!