Қазақстанда көлік жуу орындарына бақылау күшейтіледі

13:28, 12 қараша 2026
MKZ: 1577379

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов 2026 жылғы 12 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте ауызсуды ұтымды пайдалануды бақылау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол 2025 жылы қабылданған Су кодексіне сәйкес суды ұтымды, үнемді және тиімді пайдалану қажет екенін еске салды.

"Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер сумен жабдықтау жүйелерінен алынатын ауызсуды техникалық қажеттіліктерге, соның ішінде көлік жууға пайдаланады. Осыған байланысты министрлік бассейндік су инспекцияларымен және сумен жабдықтау ұйымдарымен бірлесіп, су заңнамасының талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ барлық көлік жуу орындары туралы мәліметтер нақтыланып, суды қайта пайдалану технологияларын кеңінен енгізу жұмыстары жүргізілуде", – деді Сәлімов.

Вице-министр бұл жұмыстың күшейтілетінін айтты.


"Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығына сәйкес, көлік жуу орындары суды қайта пайдалануға арналған жүйелерді орнатуға тиіс. Алдағы уақытта осындай заңды тұлғаларға бақылауды күшейтіп, олардың жауапкершілігін арттыру үшін заңнамалық актілерге қосымша өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізіледі", – деп толықтырды ол.

Бұған дейін Қазақстанда көлік жуу орындарының орталықтандырылған жүйеден ауызсу алуына шектеу қойылатыны туралы жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!