20-дан астам нәрестенің сатылуы: Алматыдағы қылмыстық топ ұсталды

09:45, 12 желтоқсан 2025

© Сурет: ҚР ІІМ

Ішкі істер министрлігі (ІІМ) 2025 жылғы 12 желтоқсанда адам саудасына қатысты қылмыстық схемалардың әшкереленгені туралы хабарлады. Барлығы 39 факт тіркелген, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты, деп жазады Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды.

Ұйымдастырушылар қиын өмірлік жағдайға тап болған жас әйелдерді материалдық сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге итермелеген. Барлық қатысушы ұсталды. 20-дан астам қылмыстық іс тергелуде.

Күдіктілерге мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Абай облысында азаматтарды мәжбүрлі еңбекке тартып, қанау фактісі анықталды. 11 қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілуде.

Түнгі ойын-сауық орындарын жүйелі тексеру барысында Шымкентте, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында азаматтарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды қанаудың әртүрлі фактілерінің жолы кесілді.

Астанада полиция мен прокуратура бірлесіп, теміржол вокзалы маңында рейдтер жүргізді. Азаматтарды сексуалдық мақсатта пайдалануға арналған притондарды ұйымдастыру және ұстау бойынша сегіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Ақмола облысында діни топтың әрекеті тоқтатылды. Аталмыш топ еркін жыныстық қатынастарды және отбасылық құндылықтардан бас тартуды насихаттайтын "рухани орталық" ұйымдастырған. Тінту барысында діни әдебиеттер, атрибуттар мен ритуалдық заттар табылды.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде. Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында "элиталық эскорт" ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылды. Олар түнгі клубтар мен барларға жас қыздарды тартып, жеңгетайлықпен айналысқан.

Қылмыстық істер сотқа жіберілді. Сонымен қатар Алматы мен Астана қалаларының түнгі ойын-сауық орындарында профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізілді. Оның мақсаты — азаматтарды қылмыстық қанау тәуекелдерінің алдын алу, жастарды асоциалды әрекетке тарту фактілерін болдырмау және қоғамдағы моральдық құндылықтарды нығайту. Кешенді профилактикалық жұмыс жалғасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!