Расұл Жұмалы Қазақстанның Ливандағы Елшісі қызметіне тағайындалды

16:02, 13 маусым 2022

Қазақстан. 13 маусым. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия мен Ливиядағы Төтенше және Өкілетті Елшілерді тағайындады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Белгілі саясаттанушы және қоғам қайраткері Расул Жұмалы Қазақстанның Ливандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Расул Жұмалы – арабтанушы, ҚазҰУ-дың шығыстану факультетін бітірген. 1992-2007 жылдары Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның араб елдеріндегі елшіліктерінде жұмыс істеген.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Нұрлан Онжанов Қазақстанның Германиядағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі. Ол 2019 жылдан бастап ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы қызметін атқарып келді. Жаңа лауазымда ол Дәурен Кәріповты алмастырды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Нұрлан Онжанов 2002 жылы Германиядағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2003 жылы Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласының Бас консулы лауазымын атқарды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!