«Қазақтүрікмұнай» серіктестігі шикізат өндіру көлемін 30 пайызға арттырды
Бұл өндірісте жаңа технологияларды пайдаланудың арқасында қол жеткізіліп отыр.
Ағымдағы жылдың сәуір айында аталмыш компания «Тез қол жеткізетін жеңістер» ауқымды жобасы аясында кен орындарын оңтайландыруды қолға алған. Бастаманың алғашқы жемісі де көп күттірмеді. Ақтөбеде өткен жиында межелі жетістіктер сөз болды.
«ҚазМұнайГаз» АҚ ұлттық компаниясы қатарындағы «Қазақтүрікмұнай» серіктестігі биылдан бастап мұнай өндіру көлемін арттыру мақсатында ұтымды геологиялық-техникалық шараларды қолға алған. Атап айтқанда ұңғыға сораптарды жіберу мен жерасты қабатын үлкен қысымда жаруды жолға қойды. Бұл қара алтын құны құлдырап, бірінші кезекке оның көлемі мен сапасы шыққанда жасалған уақытылы шешім болды. Өндірісті оңтайландыруға жұмсалған шығындардың көп ұзамай орны толған.
Жайық Айтқұлов, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС директорының орынбасары:
-5 айда бұл шара өз-өзін ақтады. Қорытындысы бойынша «Қазақтүрікмұнай» мекемесі 2,1 млрд қосымша қаржы түсірді.
Мұнайшылар жаңа жобаны жүзеге асыруға 1 млн 354 мың теңгеден астам қаржы жұмсаған. Нәтижесінде өнім 30 пайызға, яғни 244 мың 900 тоннадан 292 мың тоннаға дейін жетіп отыр. Бұл көрсеткішті алдағы уақытта үдету жоспарда бар.
Олег Карпушин, «ҚазМұнайГаз» АҚ» ҰК атқарушы вице-президенті:
-Мұнай өндіруді ағымдағы 2017 жылы 60 пайызға арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл – айтарлықтай жетістік. Осы тәжірибені «Қазмұнайгаз» акицонерлік қоғамының өзге де компанияларында енгізуді жоспарлап отырмыз.
«Қазақтүрікмұнай» серіктестігінің тәжірибесі жақын уақытта «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының басқа да еншілес компанияларында жүзеге асырылса, мұнай көлемі едәуір артуы тиіс. Алдағы 5 жылда өндірісті үнемі ұлғайтып отыруға мүмкіндік береді. Бұл – өзге кен орындары құлдыраса да заманауи технологияларды пайдаланып, ұлттық компания өнімін арттыруға апарар жол.
Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





