Қазақстандағы ең танымал смартфон үлгілері
Қазақстанда 26,5 млн ұялы байланыс нөмірі тіркелген. 2017 жылдың өзінде елде 1 млн жаңа нөмірлер пайда болды. Қазір орташа есептегенде әрбір ересек адамда екі sim-картадан бар.
Одан басқа, интернетке қосылу қарқынды дамып жатыр. Мобильді құрылғы арқылы желіге қосылушылар саны бір жылда 2 млн адамға көбейді. Сондай-ақ, мобильді интернетке 14 млн абонент тіркеулі.
Сонымен бірге, мобильді құрылғыға деген сұраныс та артып жатыр. 2017 жылы Қазақстанға жарты млн долларға 4,5 млн құрылғы әкелінді. Бұл 2016 жылға қарағанда 40 пайызға көбейіп отыр.
Бүкіл импорттың жартысына жуығы Қытай мен Вьетнамға тиесілі. Өзге елдерде өндірілетін құрылғылар Қазақстанда сирек кездеседі.
Қазақстандықтардың сұранымдарына сәйкес өнімдерді Kaspi.kz дүкені шығаратын статистика арқылы білуге болады. Бұл интернет алаңы арқылы бір жылда 300 мыңнан астам смартфон сатылған (2016 жылы – 145 мың).
Kaspi.kz дүкенінің мәліметі бойынша, өндірушілер арасында көш басында бұрынғысынша Samsung тұр. Екінші орын дәстүр бойынша Apple-ға тиесілі. Ал, жылдар бойы Қазақстан нарығында үштіктегі орнын сақтап келген LG-дың орнын қытайлық Xiaomi мен Huawei брендтері басты.

Kaspi.kz дүкенінде Xiaomi телефондарының сатылымы бір жылда 6 есе, Huawei 7 есе артты. 2017 жылы Kaspi.kz дүкені Honor-9 жаңа флагманын сату бойынша Huawei компаниясының айрықша серіктесіне айналды.

Смартфон үлгілері арасында алғашқы орында бюджетті Samsung Galaxy J5 смартфоны тұр. Kaspi.kz дүкенінің тұтынушылары бір жылда 47 мың аталмыш смартфон үлгісін сатып алған. Бұл дегеніміз алдыңғы жылмен салыстырғанда үш есе артық көрсеткіш. Егер, 2016 жылы Samsung Galaxy J5 смартфонын әрбір оныншы сатып алушы иеленсе, 2017 жылы әрбір алтыншы сатып алушының сұранысы артқан.
Apple iPhone 7 – екінші орында. Ондыққа, сондай-ақ, Xiaomi үлгісінің арзан бағалы екі түрі енген.

Ал, 2017 жылы қымбат смартфондарға қарағанда, бюджетті үлгілерге деген сұраныс артты.

Сондай-ақ, смартфонның түстеріне қатысты модасы да өзгерді. 2016 жылы трендте алтын түстес смартфондар болса, 2017 жылы қара түс модада болды. Сонымен бірге, сұр түсті смартфондарға да сұраныс аз емес. Дегенмен де, тұтынушылар өзге де түсті смартфондарды алып жатады. Қызғылт, көк, көгілдір секілді қалыпсыз смартфондар да сатылды.
Екі жыл қатарынан сатып алушылардың тек 3 пайызы ғана қолма-қол ақшамен сатып алған. Қалғандары несиеге немесе бөліп төлеу бойынша алуды қалайды.
2017 жылы Kaspi.kz дүкенінде барлық смартфонның 30 пайызы бөліп төлеу арқылы сатылған (2016 жылы – 16 пайыз). Сатып алушылар қатары, әсіресе, Kaspi Жұма акциясы кезінде қарқынды түрде артты. Себебі, ол күндері кез келген тауарды 24 айға бөліп төлеу мүмкіндігі болған болатын.
Интернет-дүкеннен, көбіне, 25-35 жас аралығындағы ересек адамдар сатып алады. Одан кейінгілер 36-50 жас аралығындағы адамдар.
Бірақ, жастар арасында сатып алушылар қатары күн санап артып келеді. Әрине, бұған сәйкес, арзан бағалы смартфондардың сатылымы да артады деген сөз. Өздеріне гаджет сатып алғысы келген барлық студент қалтасы көтеретін жаңа смартфон үлгісін иемденгісі келетіні анық.

Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





