Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Олег Новачук
Новачук Олег Николаевич – 1971 жылы 9 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1993 жылы – Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) қолданбалы математика саласында магистр дәрежесін иеленіп, үздік бітірді.
Еңбек жолы:
2001 жылдан бастап үш жыл бойы – Қазақстандағы ең ірі жеке банктердің бірі “Казпромбанк” АҚ төраға орынбасары, кейіннен төраға лауазымына тағайындалды.
2005 жылдың 23 қыркүйегінен 2007 жылдың 15 наурызына дейін – қаржы директоры қызметін атқарды.
2007 жылдың 15 наурызынан бастап – “KAZAKHMYS PLC” компаниясының бас директоры болып сайланды.
2014 жылы – топты қайта ұйымдастыру аяқталғаннан кейін “KAZ Minerals” деп аталатын жария компанияны басқаруды жалғастырды.
Басқа да қызметтері:
- Kazakhmys LLC қаржылық жобалар жөніндегі вице-президент болды.
- “Қазақмыс” ЖШС Президентінің қаржылық мәселелер жөніндегі кеңесшісі ретінде жұмыс істеді.
Активтері:
Олег Новачук – Harper Finance Limited компаниясы арқылы 6,48% үлесі бар KAZ Minerals PLС басқарма төрағасы және үшінші ірі акционері. Сондай-ақ оның “ХайдроТекМеталс” ЖШС, “ХайдроТекМеталс Процессинг” фармацевтикалық ЖШС, “AgroVil” құрылыс-жобалау ЖШС және “Agricole” ЖШС-де үлестері бар.
Бизнесмен Forbes сайты жасаған Қазақстандағы ықпалды бизнесмендер – 2018 рейтингінде 19 орынға, ал ең бай бизнесмендер арасында 15 сатыға орналасты.
Өткен жылы оның байлығы 352 млн долларды құрады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 198 млн долларға тең болған. Жылдық өсім – +154 млн $.
Дереккөздер: forbes.kz,ru.wikipedia.org
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





