Қазақстанда доллар бағамы күрт төмендеді

© Фото: pixabay
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 9 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,39 теңгеге төмендеп, 524,75 теңге болды.
Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 71,41 теңгеге (-0,47) түсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 526,70-529,87 теңге, еуро 541,23-547,07 теңге, рубль 5,06-5,17 теңге аралығында сатылуда.
9 қаңтардағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы төмендей бастады. Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,13%-ға арзандап, барреліне 76,06 долларды құрады. Американың West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 0,18%-ға төмендеп, барреліне 73,19 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 527,23 теңге, еуроны 544,05 теңге, рубльді 5,05 теңге деп белгіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:42, 6 ақпан 2025
6 ақпандағы сауда-саттықта теңге долларға қатысты одан әрі нығайды
-
14:20, 6 ақпан 2025
Доллар шегінді: еуро, фунт және йена кері соққы берді
-
11:27, 6 ақпан 2025
Алматы және Астана айырбастау пункттеріндегі 6 ақпандағы валюта бағамы
-
15:53, 5 ақпан 2025
5 ақпандағы сауда-саттықта доллардың арзандауы жалғасуда
-
11:27, 5 ақпан 2025
Алматы және Астана айырбастау пункттеріндегі 5 ақпандағы валюта бағамы