Әлемдегі ең қымбат суперкарлар
Армандаған автокөлігімізге отырып, адреналинды сезініп, алға қарай қарыштап ұмтылғанға не жетсін… Бүгінгі технология мен заманауи инженерия бұрын-соңды болмаған автокөліктерді құрастырып, адам таңданарлық дизайндегі суперкарларды ұсынып жатыр. Бұл, әрине, күнделікті қолданыстағы автокөліктер емес, әлемнің ең мықты кәсіби мамандардың күшімен дайындалған эксклюзивті автокөліктер. Сіздердің назарларыңызға әлемдегі ең қымбат көліктер тізімін ұсынсақ дейміз.

2015 жылы Женевада Koenigsegg Regera көлігі таныстырылған болатын. Жылдамдығы — 410 км\сағ. Ал 100 км-ге жылдамдық жинау уақыты бар-жоғы 2,7 секунд. Салмағы – 1628 кг. Бұл көліктің бағасы – 2 миллион доллар.

70 жылдығына орай Ferrari италияндық компаниясы жаңа модельдегі автокөлікті ұсынған болатын. LaFerrari Aperta аздаған санда шығып, ресми таныстырылымға дейін сатылып кетті. Максималды жылдамдығы – 350км/сағ. 100 км-ге жылдамдықты 2,9 секундта алады. Салмағы – 1395 кг. Ерекше дизайн, эргономикалық салон, карбоно-керамикалық тежегіш және т.б. таңқаларлық ерекшеліктерінің арқасында бағасы 2,1 миллион долларға бірақ жетті.
2016 жылы Pagani Huayra танымал спорттық көлігінің арнайы ВС маркасымен тағы бір түрі шықты. Көліктің сыртқы және ішкі көрінісі біршама өзгерді. Салмағы стандартты моделіне қарағанда жеңілірек, 1218 кг. Ал қозғалтқышы 789 ат күшіне ие. 20 данада ғана шыққан автокөлік бағасы — 2,3 миллион еуро.
Осы жылы Aston Martin компаниясы өздерінің жаңа туындылары Valkyrie гипер көлігін ұынды. LMP1 деңгейіндегі спорттық автокөлік талаптарының барлығына жауап береді. Қозғалтқышының қуаты – 1000 а.к. Бағасы – 3,4 миллион еуро.
Bugatti Veyron көліктерін Bugatti француздық компания 2005-2011 жылдар аралығында жарыққа шығарып тұрды. 2010 жылы шыққан Bugatti Veyron Super Sport қарапайым Bugatti Veyron 16.4 моделінің жақсартылған түрі. Қозғалтқышы 1200 ат күшіне ие, максималды жылдамдығы — 431 км/сағ. 100 км/сағ. жылдамдықты жинау уақыты — 2,5 секунд. Салмағы – 1838 кг. Бағасы – 2,8 миллион доллар. Top Gear и Robb Report журналы осы сериямен шыққан көліктерге «Соңғы он жылдықтың автокөлігі» деген атақ берген. Ал 2013 жылы шыққан Bigatti Veyron Mansory Empire Edition 100 км/сағ жылдамдықты бар-жоғы 2,4 секундта алады екен. Оған жұмсалатын қаражат – 3 миллион доллар.
Патшалық автокөлік Koenigsegg CCXR Trevita 1000 ат күшіне, максималды жылдамдығы 402 км\сағатына ие. Салмағы – 1280 кг. Бірақ оның басты артықшылығы – ерекше дизайні. Автокөлік салоны таза теріден, сырты карбон және алмазбен әсемделген. Соның әсерінен бағасы 4,8 миллион долларға дейін жетті. Дегенмен, 2017 жылы швейцариялық компания Koenigsegg Agera Final Edition One of 1 атты тағы бір автокөлікті шығарды. Максималды жылдамдығы – 425 км/сағ. Бағасы – 5 миллион доллар.
Айта кету керек, әлемдегі ең қымбат көлік, көбісі ойлағандай, спорттық емес екен. Бұл — Rolls-Royce Sweptail. Бір ғана данада, маңызды клиентке арнайы дайындалған. Дизайны 30-жылдардың стилінде, ал автокөлік қозғалтқышы 12 цилиндрлі 6.75 л. құрайды. Өзінің кім екендігін жасырған автокөлік иесі бұл технологияға 13 миллион доллар қаражатын жұмсаған. Бұл бағаға Bugatti Chiron көлігінің бірден 5-еуін алуға болады.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:18, 2 сәуір 2026
Доллар бағамы неге төмендеп жатыр – экономистер түсіндірмесі
-
15:42, 2 сәуір 2026
2 сәуірдегі саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
11:25, 2 сәуір 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пунктеріндегі валюта бағамы - 2 сәуір
-
13:12, 31 наурыз 2026
Валюта бағамы жаңартылды: Астана, Алматы, Шымкент
-
16:04, 30 наурыз 2026
30 наурыздағы саудада доллар бағамы төмендеді





