Ел тұрғындары тәулігіне 8,5 млрд теңгеге интернет арқылы сауда жасайды
Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz – Қазақстандықтар күн сайын онлайн-сатып алуға 8,6 млрд теңге жұмсайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, банк карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз операциялар саны екі есеге өсіп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 6,4 трлн теңгені құрады.
«Интернет және мобильді банкинг арқылы халықтың қолма-қол ақшасыз транзакциясының көлемі үш есеге өсті. Күн сайын осы сандық арналар арқылы 8,6 млрд теңге сомаға 500 мың операция жүргізілді», – деп атап өтті ол.
Бұл ретте қолма – қол ақшасыз төлеу мүмкіндігін кеңейту үшін Ұлттық банк Suńqar ұялы телефон нөмірі бойынша жедел төлемдер жүйесін іске қосты, – деп еске салды Ақышев.
«Қазіргі уақытта бұл қызметті үш банк ұсынады, сондай-ақ екінші деңгейлі басқа банктерді кезең-кезеңмен қосу күтілуде», – деп түйіндеді ол.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





