Әке, мен сені жемеймін… Қазақстанда ашаршылық туралы фильм түсіріледі
MG productions кинокомпаниясы мен StartTime краудфандинг платформасы бірлесіп, қазақ халқының трагедиясы туралы салмақты тарихи кино-жобаны қолға алды. «Ашаршылық» тарихи-драмалық фильмі шынайы өмірде болған оқиға желісімен түсіріледі.
Аталған фильм ашаршылық туралы Қазақстандағы алғашқы туынды болады. Фильм идеясы ашаршылық дәуіріндегі қиындық пен қатар қанша ауыр жағдайда қалса да, тірі қалған халықтың рухы мен намысын бейнелейді. Одан бөлек, ұлттық құндылықты сақтау, оның ішінде адамгершілік, ауызбіршілікке ерекше мән беріледі.
«Ашаршылық» фильмінің сценарий авторы әрі режиссері Марина Кунарова бұл идеяны 5 жыл бұрын жазған. Оның айтуынша, барлығы ашаршылықтан зардап шеккен бір отбасының оқиғасын естігеннен басталған…
12 адамнан тұратын бір үлкен отбасы жұт кезінде толығымен қырылып қалған.
Ата-ана үшін баласының өлімін көруден өткен қорқыныш бар ма?! Отбасы жеуге жарамды деген дүниенің барлығын қорек етті. Жануарлардың ескі терісі мен сүйектерін қайнатқан. Ал үйде ештеме қалмаған кезде анасы амалсыздан қазанға құр суды қайнатып, балаларын дәмді сорпа пісіріп жатырм деп алдап қойды. Ал балалары жақында тамақ дайын болады деген үмітпен ұйқыға кете берді. Анасы балаларының қайтып оянбайтынын біле тұра, үлкен қорқынышпен таңды күтті. Балаларын құтқарып қалу үшін әке-шешелері не істемеді десеңші!…
«Мұның барлығын тыңдау өте ауыр болды. Дегенмен, біз олардың отанына деген сүйіспеншілігіне таң қалдық», — деді фильм режиссері.
Осыдан кейін, фильм бастамашылары 1931-1933 жылдардағы ашаршылыққа қатысты барлық метариалдарды зерттей бастаған. Әрбір тарих, әрбір табылған жаңа факт қазақ халқының басынан өткізген қайғысын қозғады.
1931-1933 жылдардағы ашаршылық — бұл адам қолымен қасақана жасалған ең үлкен қылмыстардың бірі. Ашаршылық салдарынан қазақ халқының 70 пайыздайы қырылып, 1,5 милионнан астам адам туған жерінен қашып, шекара асуға мәжбүр болды. Деректер бойынша, 1911 жылдары қазақтардың саны 8,5-9 млн болып түркі тілдес халықтардың ішінде Осман түріктерінен кейін екінші орында еді. Ал 1939 жылғы деректерге жүгінсек аштықтың салдарынан небәрі 2,4 млн қазақ қалған.

Марина Таңатқызының айтуынша, жұт кезінде халықтың қалай қор болғанын ести тұра, суреттердегі адамдарың көзіндегі сөнбеген үмітті көре тұра, қол қусырып шетте қалу мүмкін емес еді.
«Біраз уақыттан кейін біз «Жұт» қойылымын көрдік. Оның бізге әсер еткені соншалық, барлығын тастап, жобамыздың жүзеге асуы үшін күресе бастадық», — деді ол.
Осы уақыт аралығында сценарийдің 5 нұсқасы жазылды. Көптеген әдебиеттер мен архивтер қаралған. Күнтізбелік жоспар құрылды. Бірақ 2017 жылы ғана Еуропалық кино қоры қолдау білдіріп, фильм бюджетінің тең жартысын төлеп беруді ұсынды. Содан кейін ғана жобаның жүзеге асуы айқындала бастаған.
Шетелден серіктестер тартылды. Мысалы, Еуропа мен Германия жобаны поспродакшен сатысында қолдайды. Фильмнің шетелдік дистрибьюторы табылды. Еуропада шетелдік фильммейкерлердің қызығушылығын тудырған питчингтер өтті.
Режиссер мен продюссерлердің басты мақсаты — көп жылдар бойы жасырылып келген өткенге қатысты шындықты жеткізетін фильм түсіру. Біздің халықтың басынан не өткенін бүкпесіз көрсету.
«Біз адамдар осы фильмнің арқасында өмір туралы, жақындары туралы, туған жері туралы пікірлерінің өзгергенін қалаймыз. Барлығымыз қазіргі өміріміздің қадірін, бақытты екенімізді түсінуіміз керек. Әр күнімізді бағалап, бақытты болуымыз қажет. Себебі, біздің халық бақытты болуға лайықты!», — деді режиссер.

Аталған фильмнің түсірілімі үшін бізге 283 млн 500 мың теңге қажет.
- 45 пайыз соманы Еуропалық кино қоры салды. Қалған 55 пайыз соманы Қазақстаннан тартуымыз керек. Себебі, бұл біздің фильм.
2. 45 пайыз соманы біз жеке инвесторлар мен коммерциялық компаниялардан тартуды қарастырып отырмыз.
3. Ал фильм бюджетінің қалған 10 пайызын халықтық қаржыландыру арқылы толтыру жоспарланып отыр.
Салымшылар мен халықтан қаржы жинау StartTime краудфандинг платформасымен жүзеге асады. Ол арқылы 28 млн 350 мың теңге жиналуы тиіс.
Қаржы толығымен фильм түсіріліміне жұмсалады. Жоспар бойынша, түсірілім 2017 жылдың қарашасында басталып, 2018 жылдың ақпан айында аяқталады. Ал 2018 жылдың күзінде «Ашаршылық» фильмі әлемдік пракатқа жол тартады.
«Ашаршылық» фильмінің сценариінен үзінді:
ТАСТАНДЫ АУЫЛ. ТҮН
Қайрош пен Тұрар киіз үйден тездетіп аулақ кетіп қалды.
Қайрош:
Әке, бұл не болды?
Тұрар үндемеді. Ал Қайрош қатты қорқып қалды. Тұла бойы дірілдеп тұрды.
Қайрош:
Мен оны көрдім, ол кішкентай қыз бала болды…
Ол өз әке-шешесінің өлі денесін жеп отырды…
Әке…
Мен ешқашан сені жемеймін…
Тұрар:
Жоқ! Жоқ! Ол ашаршылықтан болды! Ол аштықтың көздері… Қарғыс атқыр аштық! О, Алла адамдарға не болған?
Тұрар мен Қайрош өлі ауылдан аяқ суытты. Олар қарлы боранда көрінбей кетті. Қараусыз қалған, өлі ауыл. Енді оның көшелерінде тек желдің ізі қалады және қасқырдың ұлығаны естіледі…
MG productions компаниясының бас продюсері Маликов Ернар Денбайұлы. Фильм режиссері, Еуропалық және халықаралық әйел-фильммейкерлер ассоциациясының ресми мүшесі — Кунарова Марина Таңатқызы.

Киноға әрбір қазақстандық кез келген сомада қолдау көрсете алады. Салымшыларға фильмнің HD форматтағы фильм көшірмесі беріледі. Одан бөлек, түсірілімге қатысуға да мүмкіндіктері болады. Алдын-ала жабық көрсетілімдерге шақырылады. Толық ақпаратты мына сілтемеге өту арқылы біле аласыздар.

Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады