ЕАЭО елдерінде 94,3 млн экономикалық белсенді халық тұрады
Нұр-Сұлтан. 29 мамыр. 7kun.kz – Осыдан бес жыл бұрын Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Еуразиялық Экономикалық Одақ дүниеге келді. Осылайша, Жер шарындағы құрлықтың 14 процентін, 184 млн жуық адамды, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Арменияны біріктіретін ортақ нарық пайда болды.
Аймақтық экономикалық альянстардың ішіндегі ең жас одақтың жалпы ішкі өнімі — 1,9 трлн долларға татиды. Ал 2017 жылы экономикалық өсім 2016 жылға қарағанда 102 процентке жуық өсті.
Әлемдік саудадағы үлестің артуы — одаққа мүше елдердің барлығының басты мақсаты. Кез келген экономикалық жүйе басқа экономикалық жүйелермен қарым-қатынастарда ғана шыңдалады. ЕАЭО құрылған 2014 жылы одақтың сыртқы елдермен сауда көлемі 877 млрд доллардан астам болды, бұл сол кездегі әлемдік экспорттың 2,8, ал импорттың 1,9 проценті.
ЕАЭО елдерінде 94,3 млн экономикалық белсенді халық тұрады. Жұмыссыздық деңгейі 5,4 процент, мұны әлемдік басқа экономикалық-саяси одақтардың көрсеткіштеріне қарағанда тәуір деуге әбден болады.
ЕАЭО елдерінің экономикалық профилі әлі де — шикізаттық. Одақта 634 млн тонна мұнай, 745 млрд текшеметр газ, 1 255 млрд квт/сағ электр энергиясы өндірілді. Сонымен бірге 83 млн тонна болат, 31 млн тонна минералды тыңайтқыш, 56 млн тонна шойын шығарылған.
Инфраструктураға келсек, экономикалық одақты 110 мың шақырым теміржол, 1 млн 713 мың автомобиль жолдары байланыстырады. Ал халықтың 86 процентіне интернет қолжетімді.
Ауылшаруашылық соңғы кездері одақтағы басты елдердің трендіне айналды. Ресей ауылшаруашылықты дамыту арқылы ең алдымен экономикалық санкциялардың зардабының орнын толтырғысы келеді. Ал Қазақстанда агросектор — ауыл мен кіші бизнестің дамуына драйвер бола алады деген көзқарас қалыптасты. Ендеше одақтың бұл саладағы көрсеткіштері кепілді түрде артады деп тұжырым жасауғав болады. Бүгінге белгілісі — экономикалық одақ 124 млрд долларға татитын ауылшаруашылық өнімін шығарады. Ал бидай мен асбұршақтың орағы 166 млн тоннаны құраған. Сүт өндірісі бойынша 46 млн тонна межесіне жеткен.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





