Биткоин құны шарықтады: криптовалюта неліктен қымбаттауда
© Фото: unsplash
Биткойн өзінің "сандық алтын" мәртебесін тағы бір дәлелдеп, тарихи рекорд орнатты. 2025 жылдың 5 қазанында, Binance биржасында оның бағасы 125 689 АҚШ долларына жетіп, тамыздағы максимумнан асып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Криптовалюта неге қымбаттап жатыр және биткойннан кім миллиардтап пайда көріп отыр?
2025 жылғы 6 қазан, таңғы сағат 9:00-де (Астана уақытымен) биткойн бағасы 123 590 долларға дейін сәл төмендеді (бір тәулікте –1,31%). Алайда жалпы қарқын өте әсерлі:
- Апталық өсім – 7,72%
- Айлық өсім – 11,97%
- Жылдық өсім – 96,23%
Аналитиктер биткойн бағасының өсуін, сонымен қатар, АҚШ акциялары нарығының өсуімен, сондай-ақ инвесторлардың тұрақсыз саяси-экономикалық жағдайда сенімді активтерді іздеуімен байланыстырады.
Институционалдық инвестициялар мен ETF-тің жарқ етуі
Биткойн бағасының соңғы күндердегі күрт өсуінің басты себебі – спот ETF қорларына (биржада сатылатын инвестициялық қорлар) капиталдың жаппай құйылуы. SoSoValue дерегіне сүйенсек, 2025 жылғы 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында, спот ETF-терге 3,24 млрд АҚШ доллары көлемінде таза инвестиция тартылған.
ETF (Exchange-Traded Fund) дегеніміз – биткойн бағасына байланыстырылған, дәстүрлі биржаларда сатылатын инвестициялық қор. Бұл құрал инвесторларға криптовалютаны тікелей сатып алмай-ақ, биткойнға инвестиция салуға мүмкіндік береді.
Саяси және макроэкономикалық себептер
Биткойн бағасының өсуіне тек инвестиция ғана емес, АҚШ-тағы саяси өзгерістер де әсер етіп отыр. Дональд Трамп пен оның отбасы криптовалюталарды ашық түрде қолдауда. Мәселен, 2025 жылдың шілдесінде, АҚШ Өкілдер палатасы криптоиндустрияны қолдайтын үш заң жобасын қабылдады. Көптеген ірі корпорациялар стейблкойндарды өз операцияларына енгізіп, дәстүрлі қаржы мен криптоиндустрияны біріктіруде. Сондай-ақ, АҚШ-тағы бюджетті қаржыландыруға қатысты белгісіздік пен ФРЖ (Федералдық резерв жүйесі) саясаты да нарыққа әсер етуде.
Еңбек нарығының баяулауы пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуін жыл соңына дейін жалғастырады деген үміт тудырып отыр. Бұл долларға қысым жасап, биткойнға деген сұранысты арттырады, себебі биткойн дәстүрлі түрде инфляция мен валюта құнсыздануына қарсы қорғаныс құралы ретінде қарастырылады.
Глобалдық тәуекелдер де әсер етуде
Binance.com ақпараттық бюллетенінде мынандай мәлімет келтіріледі:
"Криптовалюта бағасына жаңа геосаяси қақтығыстар қаупі, АҚШ-тағы инфляцияның өсуі және әлемдік қарыздың артуы да әсер етуде. Мұның бәрі валюта нарығына сенімсіздік туғызып, BTC-ге деген қызығушылықты арттырып отыр".
Биткойннан кім пайда көріп отыр?
Бүгінгі биткойн раллиінен ең көп табыс көріп отырғандар – институционалдық инвесторлар мен ірі қаржы қорлары.
Ең бастысы — биткойнның дәстүрлі қаржы жүйесіне ресми түрде енуі, яғни ETF құралдары арқылы заңды инвестициялық активке айналуына әсер етеді.
Олар қалай табыс табады?
ETF басқарғаны үшін алынатын комиссиялар арқылы. Бұл қорларда миллиардтаған актив бар, соған сәйкес, басқару ақысы да орасан зор.
Биткойн бағасының өсуінен. Бұл қорлар нақты биткойн сатып алып, актив ретінде сақтайды. Биткойн қымбаттаған сайын олардың табысы да артады.
Бір ғана апта ішінде ETF-терге құйылған қаржы 3,24 миллиард доллардан асты – бұл институционалдық капиталдың криптовалюта нарығына жаппай ағыла бастағанын көрсетеді.
Егер бұрын биткойннан негізінен жеке трейдерлер мен энтузиастар табыс тапса, бүгінде миллиардтаған доллар ірі инвестициялық қорлар мен қаржы алпауыттарының бақылауына өтіп жатыр.
Олар биткойнды ресми инвестициялық құралға айналдырып, оны әлемдік қаржы жүйесінің ажырамас бөлігіне айналдыруда.
Биткойнның қазіргі нарықтық капитализациясы – шамамен 2,5 трлн доллар, бұл жалпы криптоиндустрияның 58,5%-ын құрайды. Яғни, биткойн жаһандық активке айналып, қаржы элитасының басты табыс көздерінің біріне айналып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:09, 6 қараша 2025
Доллардың бағамы тағы өсті
-
11:09, 6 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пунктеріндегі валюта бағамы – 6 қарашадағы жағдай бойынша
-
15:36, 5 қараша 2025
5 қарашадағы саудада доллар бағамы қайта өсті
-
11:18, 5 қараша 2025
5 қарашадағы валюта бағамы: Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі жағдай
-
15:53, 4 қараша 2025
Доллар 4 қараша саудасында тағы да түсті





