Бақытжан Бұқарбай Forbes -тің қазақша нұсқасының бас редакторы болды
«Бақытжан Бұқарбай бүгіннен бастап еліміздің тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрейін деп жатқан Forbes Kazakhstan журналының бас редакторы болып тағайындалғанын хабарлаймын», деп жазды бизнесмен.
Айта кетейік, Арманжан Байтасов былтыр 2020 жылдан бастап журналдың қазақша нұсқасы шығатынын хабарлаған. Ал forbes.kz сайтында қазақша материалдарды қазір де оқуға болады.
Бақытжан Бұқарбайдың айтуынша биыл журналдың екі арнайы нөмірін, 2021 жылдан бастап тоқсан сайын, 2022 жылдан бастап ай сайын шығару жоспарланған.
Бақытжан Бұқарбай, саясаттанушы, суретші, публицист, қазақ тілін үйренушілерге арналған танымал BAS QOSU жобасының авторы. Бұған дейін ол екі жеке сурет көрмесін өткізді. Кейін AmalBooks баспасын ашып, оқырман арасында сұранысқа ие болған «Күміс кітап» атты жеке кітабын, «67 уроков от миллионера из 90-х», «Аспантау асқан үркін көш» атты кітаптарды жарыққа шығарды. Жақында жарық көрген соңғы кітабы «Prezident» деп аталады. Ол былтыр өртте қаза тапқан бес қыз баланың рухына бағышталған және президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған. ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:05, 5 қыркүйек 2026
5 қыркүйектегі валюта бағамы қандай
-
15:45, 4 қыркүйек 2026
4 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы тағы өсті
-
15:48, 2 қыркүйек 2026
Қазақстанда доллар бағамы шамамен 3 теңгеге төмендеді
-
15:19, 2 қыркүйек 2026
Доллар 456 теңгеге дейін түсті: теңге неге нығайып жатыр?
-
15:48, 1 қыркүйек 2026
1 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды





