Аргентинаға экономикалық – географиялық сипаттама (курстық жұмыс)

14:17, 8 маусым 2017

 

     Жер  көлемі —  2,8 млн. км2.

     Халқы —  34,7  млн. адам. (1996 ж ).

     Аргентина  — Латын  Америкасындағы   ірі  және   әлеуметтік – экономикалық   тұрғыдан    алғанда  дамыған  мемлекеттердің  бірі. Оңтүстік  Асмерика  материгінің  оңтүстік – шығыс  бөлігін, Отты   жер  аралының  шығыс   жағы  және   жақын  бас  аралдарды алып  жатыр және  де  Мальвин  аралдарына   өз  құқықтарын  жариялауда. Оның  құрлықтағы  шекаралары   табиғи  шекаралар  арқылы  өтеді: Чили   және  Боливиямен  — Анд  арқылы, Парагвай, Бразилия   және  Уругваймен  — Пилкомайо, Парагвай, Парана, Уругвай   өзендерімен   өтеді. Аргентина    шығысында  Атлант  мұхитына  тікелей    шыға  алады: жағалық   сызығының   ұзындығы    2,5  мың. км. Жағалары  аз  тілімденген, тек  қана  Ла – Платаның  жазық   эстуариі   құрлыққа  320 км   еніп   жатыр.

     Конституция  бойынша   Аргентина  — федеративті  республика. Мемлкет   және  үкімет   басшысы   — президент. Президент   бес   жылға  сайланады, екі  рет  сайлануға  құқы  бар. Заң  шығару  органы  Ұлттық  Конгрестің   қолында. Ұлттық  Конгресс    президент   тағайындайтын    мемлекеттік  хатшылардан  тұрады. Провинцияларда  өзін — өзі  басқару   органдары  бар. Оларды   губернаторлар    басқарады. Әкімшілік    жағынан   Аргентина   23  провинцияға    және  1 Федеральды  округке   бөлінеді.

І – тарау    Табиғат  жағдайлары   мен   ресурстары. Халқы

І.1  Пайдалы  қазбалары

     Аргентинаның    экономикалық    дамуының   табиғи   негізіне   жер  ресурстары  үлкен  ықпалын   тигізді. Аргентина    жер  шарындағы    үлкен  көлемді   жерлерге  ие:  бұл  Пампаның   шүйгін   шөпті    дала  кеңістігі, мұндағы  қара   топырақты   В.В. Докучаев   Ресейдің   қара  топырағымен   бірдей   құнарлы  деп  баға  берген.

     Аргентинаның  табиғи   ерекшеліктері   оның    территорясының   үлкен  көлемде  оңтүстіктен   солтүстікке   қарай  алып   жатуына  тікелей  байланысты. Жер   бедерін   диагональ   бойынша   екі  бөлікке   бөлуге  болады: жазықты  — солтүстік  және    шығыс ; қыратты  — батыс   және   оңтүстік. Солтүстігінде   Гран – Чако    жазығы, солтүстік    шығысында  — Междуречье, шығыста    Пампа  аумағы   алып  жатыр.  Пампаның  мұхитқа  жақын   бөлігі   тегіс  жазық, батысында   ол   көтеріліп  андалдылық   белдемге  ауысады. Ол   Прекордильер  мен   Пампа – Сьерраның докембрийлік    жыныстарынан   құралған. Аргентинаның   батыс  шекарасында   Анд  таулар   жүйесі   созылып  жатыр, ол   солтүстік  батыста  кеңейе  түседі. Одан   3-4   мың. м   биіктікте   кең    ауқымды   тасты   жазық  Пуна     алып  жатыр. Орталық    Андыда    Оңтүстік  Американың   ең  биік   нүктелері   Аконкагуа   ( 6960 м )  және   Тупунгато   ( 6800 ) орналасқан.  Рио – Колорадодан   оңтүстікке    қарай    Патагония    қыраты  жатыр.

     Анды  қатпарлы  белдемінде    және  Прекордильер  мен   Пампа   — Сьерраның   кристалды  жыныстарында    метал   рудалары  өте  көп. Бұлар  Аргентинаны   қорғасын – мырыш, мыс, марганец   және   сирек  кездесетін    метал – вольфрам   және  берилиймен   қаматамсыз   етеді. Патагониядағы  Сьерра  — Грандеде   темір  рудалары  бар, бірақ  сапасы   жоғары  емес. Отын – энергетика  кешенімен   мұнай    мен  табиғи  газдың  маңызы  зор. Олардың   қоры   Патагония    платформасының   қалдықты  жыныстары   және   Прекордильер   мен   Анд   тау   аралық   жазықтарында   ( Неукен, Мендос, Сальта  провинцияларында )   шоғырланған.  Битуминозды   және  суббитуминозды   көмірдің    шамалы   қоры     Патагонияда   бар. Бейметал   рудаларының   қорынан     Аргентина   әлемдегі   табиғи   бортаттың   ірі  кен  орындарыынң  бірі.

І.2  Климат   ерекшеліктері

     Аргентина    3   климаттық    белдеуде  жатыр: тропиктік, субтропиктік   және    қоңыржай. Жылдың  орташа  температурасы   солтүстікте   24°C –тан    оңтүстікте    5°C- қа  дейін   ауытқып   отырады.Ең  жылы  ай – қаңтардың  ортагша   температурасы   солтүстікте   +29°C, оңтүстікте  +14°C   болады. Ең  суық   ай – шілденің    орташа   температурасы     + 17°C,  оңтүстікте   +2° С  жетеді.  Елдің     климатын   Атлант   мұхитының  теңіз  ауа  массаларын   қалыптастырады. Дегенмен  территорияның  жартысынан  көбі    жеткілікті   ылғалданбаған    аудандардан   тұрады.  Бұл   тау  жүйесінің  мередиан   бағытында   орналасқандықтан     ылғалды    ауа   массаларын   ұстап   қалады. Ендік   бағытында   тау  жүйесінің   жоқтығынан   Аргентинаның  барлық   территориясы      оңтүстікте  және   солтүстікте   салқын   ауа   массаларына    ашық   болады.

     Аргентина   өзендерінің    экономикалық    гидропотенциалы   30 млн. кВт –қа  бағаланады. Оның    көп   бөлігі    Парана – Уругвай    бассейні  мен   Патагония  өзендері  құрайды.

     Парана  — Оңтүстік  Америкадағы   ұзындығы  мен  көлемі  бойынша  екінші өзен. Аргентина  экономикалық  өмірінде   басты   кеме  жолы  мен   электроэнергия, су  көзі  болып  табылады.

     Табиғи  ортаның  алуан   түрлілігі    өсімдік – топырақ   жамылғысының   тарулуында  да   айқын   көрінеді. Мұнда  тропиктердің  қызыл   қызыл  топырақтары  да, даланың  қара     топырағы,  шөлейттің  сұр – қоңыр  топырағы  да  кездеседі. Климат    және   топырақ   жағдайларының   үлкен  ауқымдылығы   ауыл  шаруашылығының   әртүрлі   салаларын   дамытуға, тропиктік  және   қоңыржай  ендіктердің   өсімдіктерін  өсіруге    қолайлы. Аргентина   жер  көлемінің    20 % -ын  орман  алып   жатыр.Оған Междуречье  мен   ылғал    Андының   самырсын  ормандары, Чакодағы  кебрачо   ормандары  ( таннин   заты   бар  ағаштар )  жатады.

І.3  Халқы   және   оның     орналасу  ерекшеліктері

     Аргентина – көші – қон   елі    және   бұл    оған    тән  ерекшеліктердің  бірі. Үндістердің    біраз     бөлігі    16 ғас. Отарлау  кезінде   және  19 ғас. соңына    дейін   Пампа   және  Патагония    жерлерін  тартып  алу  кезінде  қырып  тасталған. 

     Аргентина  ұлты  жергілікті  үндістермен    араласқан  креолдардан, ал   19-20  ғасырларда   қоныс  аударған    көптеген  иммигранттардан   құралған. Сол  себепті   Аргентина   ( Уругваймен  бірге )  Латын   Америкасындағы   «ең  ақ »  елдердің  біріне  жатады. Иммигранттрдың  ұлттық  құрылымы   әр  алуан  түрлі: испандықтар   мен  итальяндықтар  басым,  француздар, немістер, ағылшындар, славян    халықтары   қоныс  аударды. Революцияға  дейінгі  Ресейден  көшіп  келген   қоныс  аударғандардың   ұрпақтарынан  негізінен   украиндар, белорустар, орыстар   басым.  Аргентина  әртүрлі  ұлттар  мен   халықтардың   тұрмысы,  мәдениеті  мен  дәстүрлерінің  жиынтығы.

     Заң  бойынша    Аргентина   территориясында    туылған  әрбір адам   аргентиндік   болып   саналады. Мұнда  сонымен  қатар  итальяндықтар, испандықтар, немістер, поляктар, армяндар   өмір  сүреді.  20  ғасырдың  70-80 – ші  жылдары   Аргентина    эмиграция   еліне   айналды, бұл   ең  алдымен   « ақыл – ойдың  сытылуы »    есебінен  жүрді. Бірақ   Аргентинаға  Латын  Америкасының    көршілес   елдерінен  — Боливия, Парагвай, Перуден   көбінесе   маусымдық   жұмыстарға   келеді. 90  жылдары  Шығыс  Еуропадан    имигранттар    келе   бастады.

     Еуропалық   имиграция    Аргентина    халқының   көптеген   спецификалық   ерекшеліктерін  анықтап   берді. 19-20  ғасырда  халық  саны  тез өсьі. Бұл   кездері   елге    жылына  100  мың  адам   қоныс  аударатын. Миграция – халық  санының   өсу  қарқынды  жүруін  және   еңбекке  жармды  халықтың  көп   болуын, орналасу  ерекшеліктерін  түбегейлі  өзгеріске  әкелді.

     Қазір    Аргентинада   халық  саныынң  өсу  қарқыны   табиғи   жолмен  анықтылыды:   90 жылдың  ортасында     туу    көрсеткіші   Латын  Америкасындағы    ең    төменгі   көрсеткіштерге   ие  —  1,2%    ( Уругвайдан   кейінгі ). Бұл    халықтың    жастық   құрамында  да  байқалады:  15 жасқа  дейінгілердің    санының     азаюы    мен     65 – тен  жоғарылардың  саны    жоғары.  Экономикалқы  белсенді    халық    барлық   халықтың   40% — ын  құрайды. Жартысына  жуығы  қызмет   көрсету  саласында, 10 % — ы  ауыл  шаруашылығында,  1/3 — ә  өнеркәсіп   пен   құрылыста   жұмыс  жасайды.

     Әлеуметтік —  экономикалық     көрсеткіштер   бойынша  Аргентина  Латын  Америкасындағы   көптеген   елдерді    басып   озады. Халықтың  жасы  15 –тен  жоғарыларыынң   4%   сауатсыз.  Бала  өлімі   мың   адамға  29 нәрестеден  келсе,  бір   дәрігерге    320   тұрғыннан  келеді.

     Аргентинаға  Пампаның   төңірегіне   тұрғындардың  көп   шоғырлануы  мен  астанның  урбанизациясы  тән. Орналасудың  мұндай   құрылымы   имиграция   арқылы  жүзеег асты. Имиграция   Буэнос – Айрес  порты  сол  кздері    сыртқа    шығуға    мүмкіндігі   бар    жалғыз    порт  болғандықтан   эмигранттар  Пампаға  жақын  немесе    астананың  өзне  шоғырланды.  Буэнос – Айрес   және  Санта – Фе  провинциясында  и халық тығыздығы  өте  жоғары   1 км2   100  адамнан келеді. Ал  жалпы  ел   бойынша   халықтың  орналасу   тығыздығы   1 км2    12  адамнан   келеді.  Ішкі  аудандар  аз  қоныстанған, әсіресе    Рио —  Негродан  оңтүстікке   қарай   1 км 1 адамнан  келеді.

     Қалаларда   халықтың    87%  тұрады, ал  Буэнос – Айреста  қала  халқының    2/5- і  тұрады. Буэнос – Айрета   12 млн. адам  тұрады. Әлемдегі   ең  ірі    10 агломерация  қатарына   жатады.  90  ж  басында   Аргентинада  100  мыңнан   астам   тұрғыны  бар  24  қала  бар   болатын. Ауыл   тұрғындары   көп  емес. Бұл  ірі   жер   иеленушілік  пен   жердің   тапшылығы, мал   шаруашылығының   көп жұмыс   қолын  қажет  етпейдіктен   Аргентинаны   көп   жерде    шаруаларсыз аграрлы  ел   деп   те  атайды.

ІІ – тарау    Шаруашылығына   жалпы   сипаттама

ІІ.1  Шаруашылығының    даму    ерекшеліктері

     Испания  отарынан   құтылғалы  бері  ( 1816 жылы )    Аргентинаның  экономикалық   дамуының  ерекшеліктері   әлемдік  капиталистік   шаруашылықықа    зәрулігімен    сипатталады. XIX ғ  ортасында  дүниежүзілік  рынокта, алдымен  европалық  рынокта   ауылшаруашылық  өнімдеріне  сұраныс  болуы,  қолайлы  табиғат    жағдайлары, Пампаның  кең  ауқымды   өнімді   жазықтары,   халқы  аз   Аргентинаға  жұмыс  қолдарын  берген  европалық   иммиграция   Аргентинаның  тез  қарқынмен   экономикалық  өсуіне  және  әлемдегі  алдыңғы  қатардағы  бидай, ет, жүн  экспорттаушы  елге   айналуына  жағдай  жасады. Бір  уақытта  ол шет елдік  кпиталға  туелдә  болып   қалды, алдымен   ағылшын кейінірек  американдық.   

     Шетелдік    инвестиция   ең    алдымен   АҚШ, Германия, Япония, Франция, Италия   экономиканың  басты  салаларына  үстемдік  етуде. Шетелдік  капитал  негізінде  ерте   басталған   капитализм  Аргентинаны   1930  жылдары  дағдарысқа  ұшыратты. Сонымен  қатар  ұзақ   уақытты  инфляцияға, әлемдік  экономикадағы  және  өз   аймағындағы  рөлінің   төмендеуіне  әкелді. Үкімет, ең  алдымен Х.Перона  (1946 – 1955жж )    тығырықтан          шығудың   жолын   шешуді  мемлекеттік  бағытты  дамытуда  көрді, бірақ  бұл  ешқендай  нәтиже  бермеді.  Дегенмен  Аргентина  –     Латын  Америкасындағы    экономикалық   даму  жағынан   алдыңғы  қатарлы  ел.  Оның    үлкен    агрорсурстары   бар және  ауыл  шаруашылық  өнімдерін   шығаратын  және   экспорттайтын  ел. Сонымен қатар  континенттің   өнеркәсіптік  дамыған  және  жоғары  деңгейдегі  өнеркәсіптің   көптеген   салаларын   қамтиды. Аргентина  аймақтағы  өзінің   ғылыми – техникалық    потенциалымен   ерекшеленеді: кадрлар  даярлау  және  зерттеулер    университеттерде  жүргізіледі. Елде  олардың   жалпы  саны      70   асады. ЖІӨ   үлесінде    1\5  алдыңғы  салаларға,  30%  өңдеу  өнеркәсібіне, құрылыс, электр, газ, сумен   қаматамасыз    ету, қалғаны  –   қызмет   көрсету  салаларына    тиесілі.  Аргентина   жаңа  өндірістік  салаларды  дамытуға   ден   қоюда : электроника, информатика, атам   өнеркәсібі.

     90  жылдардан  бері   Аргентина    жекешелендіруде  белсенді  саясат   және  шетелдік  капиталды  одан  сайын   тарту, құрылымдық  өзгерістер  жүргізді. Бұл    бірқатар   экономикалық   тұрақтылыққа    қол   жеткізді. Меркосурға   кіруі   Аргентинаның   ішкі  рыногын  кеңейтті.

ІІ.2  Өнеркәсіп    кешені

     Аргентинаға    өңдеу  өнеркәсібіінң  басымдығы  тән. Тау  – кен   өндірісінің   үлесі  көп  емес, ауыр   өнеркәсіп    басымдылық   танытады ,  алайда    жеңіл     және  тамақ   өнеркәсібі    салаларының    дәстүрлі  салалары   жетекші  орында   және  де   экспорттық   маңызы  бар. Өнеркәсіпті  орналастыру    бойынша  жоғарғы  территориялық  концентрация  тән:  ауыр   өнеркәсіптің   орындарының      айтарлықтай   бөлігі    Парана    өзенінің   төменгі    ағысында,  Буэнос – Айрес  пен   Росарио  өнеркәсіп    белдемінде   шоғырланған. Өнеркәсіп  өнімдерінің    жартысынан   астамы    Үлкен   Буэнос – Айресте  өндіріледі.  Ішкі  аудандарда    тау –  кен   өнеркәсібі   және  шикізат  өңдеу  өнеркәсіптері  басым.

Энергетика. Аргентина    энергетикасы   мұнай   мен   газ  отынына    негізделген. Бірақ қазір  де  СЭС  және  АЭС    рөлі  жоғарылап   келеді. Мұнай  өндіру  бойынша  (  37млн.т)    және  НПЗ  қуатынан  Аргентина    Латын  Америкасындағы    Мексика, Бразилия, Венесуэладан   кейінгі   төртінші  орынды  алады. Мемлекеттік  мұнай   компаниясы   « Яссимиентас  Петролиферос   Фискалес »    1990  жылы    жекешелендірілді. Неукен   провинциясында     ірі  газ   кен   орындарының   ашылуы    газ   өндірудің маңыздылығын     жоғарылатты:  1970 -75  жылдары    1,5- нан  25млрд.м3   – ке   дейін   жоғарылады.

     Аргентина     континенттің  газды  ауданы  мен   тұрмыстық   шаруашылықта   газ   пайдалану   жөнінен    алдыңғы   қатарлы  елге  айналды ( 1/3   жоғары ).  Мұнай  мен  газды  негізінен   елдің  оңтүстігінде, Анд    тауларының    етегінде   және   солтүстікте  өндіреді.

     Аргентинада   жоғары  дамыған   мұнай     өңдеу  өнеркәсіптері  бар: басты  орталықтары – Ла – Плата , Буэнос – Айрес, Кампана,  Баия – Бланка, Сан  – Лоренсо,  Пласа – Уинкуль,  Лухан   де  Куйо, Кампо – Дуран.

     Аргентина –  Латын  Америкасындағы   алғаш рет   атом  өнеркәсібін  дамытқан ел:   1977   жылы  алғаш   рет   Атуча  АЭС   ( 340 МгВ ), сосын    Эмбальсе   ( 600 МгВ ) , Буэнос – Айреске  жақын  Атуча   ІІ  АЭС   салынуда. Уран    қоры    бойынша     ( 12  мың.т )    Аргентина     әлемдегі   10  елдің  қатарына  кіреді. Ол    тек   Латын  Америкасында  ғана  танымал   емес, сонымен   бірге   әлемде  өзінің   ядролық   энергетика   мен   уран  өндірісінің    ғылыми    жаңылақтарымен   белгілі.   Өзінің  ғылыми   жетістіктерінң  арқасында   Аргентина     технология  мен   байытылған   руданы    экспорттайды, сонымен    бірге   басқа   дамушы  елдерде   ядролық   зерттеу   орталықтарын   құруда. Әсіресе  осы     салада   Аргентина   мен   Бразилия   арасында    ғылыми   серіктесік   орннады. Бұл   екі  елдің  арасында    интеграциялық    үрдістердің    дамуына    жағдай    жасайды.  

     90   жылдары    электростанцияларының     жалпы    қуаты  –   17  млн. кВт. Электроэнергияның   өндірісі  –  50 млрд. кВт. сағ.   Электроэнергияның  45% –  ын   ЖЭС,  42% – ын   СЭС,  13% –  ын   АЭС  береді.  Аса  ірі  СЭС – тері: аргентина – парагвайлық    Ясирета  ( 3,2 млн. кВт. ), Уругвай мен  бірлескен   Салкто –  Гранде  ( 2,5 млн. кВт.),  Чокон – Серрос – Колорадос  (1,6 млн. кВт.). Электроэнергетика  тез   қарқынмен   дамып  келе  жатқан  салалардың  бірі.

     Металлургия.   Аргентинаның   қара   металлургиясы   континенттегі   ең  ескі  салалардың   бірі. Бірақ өте  жай  дамуда, себебі   шикізат  қорының   жеткідіксіздігіне   байланысты.  Елде   төрт    толық   циклді  заводтар  бар. Сан –  Николас   пен   Саплада   домналық    процеспен, Энсепад   пен  Вилья –  Конститусьон   –  темірді   тікелей  өндіру  және   қара  металлургияның  көптеген   өнрекәсіп   орындары      Парана   төменгі  ағысында, Буэнос – Айрес   пен    Росарио   аралығында,  аса    ірілері  Вилья –  Конститусьон, Росарио , Кампанеде    сапалы   болат   және     құбыр   өндіреді.  1995    жылы  болат   қорыту  4 млн.т  болды.

     Түсті    металлургияның   салаларынан : қорғасын  өндірісі –Пуэрто –  Вилелас, Чако  провинциясы, Мерседес, Таблада, Буэнос – Айрес  провинциясында   дамыған; мырыш – Сарате, Комодоро –Ривадавия; мыс  – өз   шикізат  негізінде, аллюминий  –  Пуэрто – Мадринде  сырттан   әкелінген   шикізат   негізінде   жұмыс   істейді.  

     Машина  жасау.  Машина  жасау     ауыр   өнеркәсіп   салаларында   жетекші   орын  алады. Жақсы  дамығандары: транспорт   машиналарын   жасау, ауыл    шаруашылық   машиналарын    жасау,  тамақ    өнеркәсібіне    қажетті   құрал    –   жабдықтар, электротехника. Транспорт    машинасын    жасауда   автомобиль    жасау  алдыңғы  орында – Буэнос – Айрес, Кордова;  кеме  жасау   дамыған  –  Буэнос – Айрес, Энсенада; әуе  көлігін  жасау   – Кордова. Жаңа   салалардың  маңызы  артып   келеді: электроника, автоматтандырылған   желілердің   өндірісі. Дамушы    елдердің    арасынан   Аргентина    станок  өндірушілер   мен    экспорттаушы  елдер   қатарына  жатады.

     Химия  өндірісі.  Химия   өндірісінда   мұнай    химиясы    басты   рөл    атқарады, себебі   мұның  шикізат  қоры  мол. Мұнай    химиясының  өнімдері   алуан   түрлі, әдеттегідей    мұнай   химиясы    кәсіпорындары    бірігіп    мұнай  өңдейтін   зауыттармен  бірге    бір  кешен  құрайды.  Соның   ішіндегі  ең  ірілері – Сан – Лоренсода   және  Кампенеде. Сонымен    бірге    орман   және   ауыл   шаруашылығында    дәстүрлі  салалар   дамуда. Мысалы,  ет   өнеркәсібінің    қалдықтары   негізінде     фармацевтикалық   өнімдер  шығару, техникалық   май  ( кастор   т.б ); кебрачо   сығындысы  – тері   өңдейтін     шикізат. Бұл  сала    тек  қана   үш елде   Аргентина, Бразилия, Парагвайда   дамыған.  Кампо  – Киханода  –  бор   қышқылын   өндіретін   ірі  кәсіпорын, ондағы  өнімді   Аргентина    сыртқа   экспорттайды.

     Дүниежүзілік    шаруашылықтағы    Аргентинаның  орны    оның    дәстүрлі  салаларымен   анықталады: ауыл   шаруашылығы  және  сонымен   бірге   байланысты    өңдеу   өнеркәсібі, ең    алдымен    бұл  тамақ   өнеркәсібі.  Аргентина  ет  өндіруден     және  экспорттаудан   алдыңғы  орынға   ( 3 млн.т )  ие.  Ірі    ет   өнеркәсібі    фригорифики   деп  аталады. Ол  ет  союдан, одан     әртүрлі   ет   өнімдерін   алуға   дейінгі  процесті  жүзеге  асыратын   кешенді   құрайды.

     Фригорифики    су  маңында   орналасады. Аса   ірілері  –   Буэнос – Айрес, Ла –Плата, Росарио, Санта – Фе, Баия   Бланка. Аргентина    тоңазыған  етті  экспорттайды. Ол  үшін  ірі  қараның   майсыз   түрлерін   пайдаланады. 80- 90   жылдары  ет   экспорты   басқа  бәсекелес  елдердің   пайда   болуына   және   ішкі   тұтынушылықтың     артуына   байланысты   қысқарды.

     Тамақ   өнеркәсібінен   басқа  салаларынан   экспорттық   маңызы  бар   өсімдік   майы, соңғы    жылдары    әсіресе  соя   майын  өндіру  артып  келеді. Ұн  тарту, мал  майы,  шарап  жасау  да  жақсы  дамыған. Ішкі  рынокқа   бақша   өнімдері, консерв, қант   және   сусындар   шығаруға  бағытталған.

     Аргентина   өнеркәсібінің   тағы   бір  саласы – былғары, аяқ киім  жасау. Ол   терінің   көп   болуына   және   тері    өңдеуге    таптырмас   дүние   кебрачо   сығындысының    көп   болуына     байланысты   дамыған.  Аргентина   былғары   және   түкті    киім    экспорттайтын   ел    ретінде   танымал.

     Текстиль   өндіруде  –  жүнді, мақтақағазды   салалардан  басқа, алыс  аудандарда   тоқыма   өнеркәсібі    дамыған.

ІІ.3  Ауыл  шаруашылығы

Аргентина    ауыл  шаруашылығының    Латын    Америкасындағы  басқа  елдердің    ауыл    шаруашылығынан   ерекшелігі  ол  тек   өзін   ауыл    шаруашылық   өнімдерімен    қамтамасыз   етіп    қана   қоймай, оны   экспорттайды. Жан   басына    шаққанда   ауыл    шаруашылық   өнімдері   тұтыну    бойынша   Латын    Америкасының    басқа    елдерінен  асып   түседі, ал    ет   өнімдерін   тұтыну  бойынша   дамыған  елдерді  басып   озады. Ауыл   шаруашылығы   жұмыс  жасайтындар  салыстырмалы  түрде  көп.

     Аргентинада    латифундиялар   басым, дегенмен   ол   айтарлықтай   капиталистік   өзгерістерге   ұшырағанымен, экстенсивті    шаруашылықтың  басым   болуына   негіз   болды. Топырақтың   өз  құнарлылығына  негізделген   ірі   қара   өсіру   мен   бидай    өндірісін   дамытуға   қолайлы. Ауыл    шаруашылығына    жарамды   жерлердің   ( 180  млн.га)    көп   бөлігін   жайылымдар   құрайды. Өңделетін   жер көлемі    жөнінен  де   ( 28 млн.га )  Аргентина     Латын    Америкасы    елдерінен   ерекшеленеді.

     Мал   өсіру    ауыл    шаруашылығында  басты  рөл   атқарады. Ірі  қара   мал  бас   саны  бойынша   ( 54 млн.бас). Аргентина    әлемде    алтыншы орында,  жан   басына    шаққанда    ет   өндіру   бойынша    бесінші, оны   пайдалану    бойынша    бірінші  орында   тұрады. Ет  аргентиналықтардың   ұлттық   тағамы. Пампаның    табиғи  жайылымдары   –  ірі  қара  өсірудің  басты   ауданы. Мұнда   жақсы    ылғал  мен    жұмсақ    климаттың   арқасында   кенеулі     заттардың   көптігімен   еркшеленеді. Сонымен  қатар  мұнда   дәнді– дақыл   өсімдіктері    мен    жем– шөп   өсімдіктреі  өсіріледі. ( ең   алдымен  люцерна ). Қой  шаруашылығы –  аргентиндік    мал   шаруашылығының   екінші  бір  сал   саласы.  Аргентина     әлемдік    қой  шарушылығымен    айналысатын, қойдың   бас  саны   ( 22 млн.бас)және   жүн   қырқу     ( 92 мың. т)  бойынша    елдердің    бірі.  Австралия, Жаңа  Зеландия, Қытай   және    Ресейден   кейінгі   бесінші   орында   алады.  Қой  шаруашылығы   барлық   жерде  дерлік   тараған,  бірақ   маманданған   жері  Патагония.

     Өсімдік  шаруашылығы     экспорттық  маңызы  бар   дәнді  және   май  өндіретін   өсімдіктерінен   тұрады. Аргентина – бидай    өнімі   ( 10 млн.т )  бойынша   әлемдік  маңызы   бар   елдердің   бірі. Жоғары  сортты   түрлері  басым, айтпақшы   Аргентинадан   30  жылдары    Н.Н   Вавилов  бидайдың   отандық    сорттарын    жақсарту   және   будандастыру   үшін  КСРО– ға   алып  келген   болатын. Бидай  ең    алдымен   Пампада   өсіріледі.  Жүгері, сұлы,арпаның  өндірістік  және  экспорттық   маңызы  бар.

     Аргентина  өзінің  май  алуға   пайдаланатын  өсімдіктерімен  танымал. Күнбағыс  және   зығырды   жинау  бойынша   кей   жылдары  дүние  жүзінде    бірінші  орынды  алған. Бірақ  соңғы  онжылдықта  әлемдік  нарықтың   сұранысына    қарай  соя    өсіру  қолға  алына  бастады. Оның   өнімі    1995  жылы    12  млн. т  асып  түсті. Басқа  май   алынатын   өсімдіктерден    арахис  ( Кордова  провинциясы ),  зәйтүн   ағаштары       ( Мендос   және   Сан – Хуан   провинцияларының    құрғақ   субтропиктерінде ), тунга     ағашы     ( Междуречье )    өсіріледі. Солтүстік  батысында    қант   құрағын  өсіреді. Талшықты    өсімдіктерден   мақта   басым ( Чако ).

     Междуречьеде  шай     плантациялары   және   жергілікті   күшті   сергіткіш  –   парагвайлық  шай  ( йерба  мате )  өсіреді. Климаттық  жағдайлар   бақшалықтың   әр   түрлі    болуына    жағдай    жасайды: субтропиктік   ( Междуречье, елдің  батысы ), қоңыржай  ендіктерде   ( Оңтүстік  Пампа, Солтүстік   Патагония )    экспортқа  алма  және  апельсин   шығарады. Жүзім     жинау    ( жылына    2 млн.т )   және    шарап     жасаудан   Аргентина     әлемнің   он  ел   қатарына  кіреді. Жүзімдіктер  Анд    тауларының    субтропиктік   құрғақ   тау  алды    жазықтарында  өсіріледі.

     Аргентинада   ауыл    шаруашылық     саласында   жан – жақты   ғылыми   зерттеулер    жүргізіледі. Биотехнология   саласында  көптеген     жетістіктерге  жетті. Ауыл    шаруашылық    институты     дүние  жүзіндегі  ірі   институттардың  бірі. 

ІІ.4   Көлік  жүйесі

     Аргентинада    транспорт   жүйесі  айтарлықтай  дамыған., алайда  негізгі  аудан   Пампа   ауданының    төңірегінде   шоғырланған. Ол   континентте    темір   жол   ұзындығы  ( 35  мың.  км ), жолаушы  тасымалының ( 300 млн.  адам )   көлемі  бойынша   бірінші  орынды  алады.  Темір   жол   жүйесінің   құрылымы   елдің   сыртқы  нарққа   тәуелді   етеді. Ол   айқын   көрінетін    құрылымды     Буэнос –  Айреспен  байланыстырады. Автомобиль   жолы  көп   тарамаданған: оның   ұзындығы   бойынша   ( 200  мың. км )   Аргентина Бразилия    мен    Мексиканы    алға   жібереді. Ал  жиілігі   бойынша   Уругвайдан   кейінгі   орында.  Автомобиль  паркі   (5 млн.   машинадан  көп )   өзінің    өндірісі    есебінен   толығады. Автожолдарды  бірігіп   салу   көршілес  елдермен   интеграциялануының  маңызды   бағыттарының  бірі. Ішкі  су  көлігі  теңіз    жолының    жалғасы    және   тек  Парана    өзенінде  ғана  дамыған.  70-90   жылдары   құбыр   жолының     ұзындығы  қарқынды  өсе  түсті, ол   газ    жолының   магистральдарының  құрылысымен  тікелей  байланысты. Құбыр   жолының   жалпы  ұзындығы   жөнінен   (  20   мыңнан  аса )     Аргентина    тек  Мексикаға  орын  береді.

     Сыртқы  сауда  тасымалының    негізінен    теңіз   жолымен   (жүктің     97%  )    өтеді   және  әуе  тасымалымен  жүреді. Теңіз   жолының   жағалық  аудандар  арасындағы   байланыстарға, яғни   ішкі   байланыс  үшінде   маңызды. Буэнос –  Айрес  кемежайлық    шаруашылықтың   жақсы  дамыған   жері. Басты    теңіз   порттары   Парана  өзенінің  төменгі  ағысында  шоғырланған: Ла  –  Плата, Росарио   ( бұл    кемежайға  дейін  Парана  өзені  бойымен  ірі  кмелер   жүзген  ). Теңіз   флотының  жүк  тасымалдың   дәрежесі    бойынша     Аргентина    Бразилиядан   кейінгі  орында.  Авиатрнаспорт    ішкі   және   сыртқы  тасымалда  маңызды  орын  алады. Басты    әуежай   Эсейса  (Буэнос –  Айреске  жақын ).

ІІІ –  тарау    Сыртқы   экономикалық   байланыстары   мен   ішкі  айырмашылықтары

                       ІІІ.1 Сыртқы   экономикалық   байланыстары                      

     Халықаралық   еңбек    бөлінісінде     Аргентина  ауыл  шарушылығы  және     азық – түлік  тауарларының   жетекші  экспортер  ел  ретінде  көрінеді. Алайда  оның  бұрынғы     импорттаушы   Еуропа    елдері    дүние  жүзүлік  шаруашалық     нарығында    басты  бәсекелестерінің  біріне  айналды.  Дегенмен,  Аргентина    экологиялық    таза    ауыл  шарушылығы  өнімдерінің    шығаруы    ( агрохимикатты  аз   пайдаланады )   халықаралық  еңбек  бөлінісінде   аграрлы  ел   ретінде  көрінеді  және  де  бұл   өнімдерге  сұраныс    күннен – күнге   артып  келеді. Экспорт   құнының   60% –н   ауыл  шарушылығы   және  тамақ   өнеркәсібі  өнімдері  құрайды. Бидай, өсімдік  майы   ( соңғы  жылдары   соя  майы ) , ет   және  ет  өнімдері, консервілері,  былғары, жүн   өнімдерін   сыртқа   шығарады.  Сонымен   бірге   ауыр    өнеркәсіп   пен    қызмет    көрсету   экспорты    артып   келеді, әсіресе   Латын  Америкасы  елдерінде  Аргентиналық   экспорт    басым   болып   келе  жатыр. Аргентина  прокат, тамақ    өнеркәсібі, құрал – жабдықтарқағаз, химиялық  өнрекәсіп   өнімдері, компьтердің  кейбір   түрлері, технологиялық  желіер,  технологияның   әр  түрінен   техникалық   консультация    ( әсіресе  ядролық )    экспорттайды. Импортта   құрал – жабдық,  химиялық  талшық, пластмасса, аздап   шикізат   басым.  Басты   сауда   әріптестері   дәстүрле   ЕО   елдері, соның   ішінде   Германия, Нидерланды, Испания, Бразилия , АҚШ, Жапония . Аргентина    Ресеймен    сыртық   экономикалық   байланыстарын   сақтап   келеді. Бұл   байланыстар    19 ғасырдан   бастап  орнады  және    кей  жылдары   өте   белсенді  түрде     жүрді.   20 ғасырдың   80  жылдары     Ресей     экспорты    20%    Аргентинаның     үлесінде   болды.  КСРО  көмегімен    ірі  СЭС – тер   салынды:  Сальто – Гранде, Пьедра – дель – Агима. Қазіргі  таңда   бұл    байланыстар    біршеме   әлсіреді, бірақ   даму  мүмкіндігі  мол.  Латын  Америкасы  елдермен  байланыстар  үдей  түсуде, бұл   интеграциялық   процестерге    тікелей   байланысты   (  3\1   көбі  сыртқы   сауды   айналамына  тиесілі ). Аргентина    Латын  Америкасы  елдерімен    интеграцияиялық   ассоциация   мүшесі. Көршілес   елдермен  интеграциялық   процестер   жақсаруда : Чилимен  салықсыз   сауда  жайлы  келісілген.    1991   жылы   Аргентина , Бразилия, паргвай   және  Уругвай  арасында   Оңтүстік   конус  елдерінің    Ортақ  нарығы  –  Меркосур   құрылды. Бұл   тауар    мен   қызмет   көрсету    айналымына   еркіндік    береді.

ІІ.2  Ішкі  айырмашылықтары

     Аргентинада   6    экономикалық   аудан   бар: Пампа, Батыс, Солтүстік  батыс, Чако, междуречье, патагония.

     Пампа – әлеуметтік  – және   экономикалық  жағынан    жақсы  дамыған  аудан. Мұнда  халықтың  төрттен   үш   бөлігі     тұрады.  Өнеркәсіп  және    ауыл  шаруашылық   өнімдерінің  басты  бөлігі   өндіріледі  ( әсіресе   экспорттық ). Жұмсақ   субтропиктік  климаты   және  құнарлы   топырағының    арқасында    Пампа   экспорттық   ауыл шаруашылығының,   иммиграция   мен   шет  ел   капиталы    тартылатын    орталыққа   айналды. Ауыл  шаруашылығы   әртүрлі    өнеркәсіп  пен  қарқынды   сыртқы  сауда, кемежайлық   іспен  үйлеседі.  Қазіргі   Аргентинадағы   Пампаның   басты   порттары –  Ла – Плата, Росарио, Баия– Бланка, Санта – Фе, Сарате – сонымен   бірге   елдің   өнеркәсіптік  орталықтары.

     Аргентинаның    және   Латын   Америкасының  аса  ірі   басты  теңіз  порты –     Буэнос –  Айрес. Отарлау  кезеңінде  бұл  порт   елдегі   сыртқы  сауда    жасауға   рұқсат    етілген    жалғыз  порт    болатын. Кемежайлық   қызметі   Буэнос –  Айрестың   әрі    қарай    дамуын    анықтап   бергендей  болды.

     Буэнос –  Айрес   халықтың, өнеркәсіптің  (  алдымен  тамақ, кейін   ауыр  өнеркәсіп ),  ғылым    мен    мәдениеттің   шоғырланған   басты   орталығына  айналды.  Жетекші    салалары   – машина    жасау  ( электротехника ), химия, мұнай  өңдеу, тігін, тамақ,   соның   ішінде  ет   өнеркәсібі. Ет  өнеркәсібінің  дамығандығы    соншалық    оған  « ет  астанасы »  деген  атаққа  ие  болды.  Ет  өнеркәсібі  көбіне   қала  маңында    шоғырланған.  Үлкен   Буэнос –  Айрес    астананың  Федералды   округы    және   25  қала   маңындағы   елді –мекендерді  өзіне   қосып  алады. Қала  тұрғындары  әр   ұлттан   құрылған,  әлемнің  ең   әдемі    қалаларының   бірі, оны   « американдық   Париж »   деп   те  атайды.  Астанада   ескерткіштер   өте  көп – тарихи   тұлғалар, мәдениет   қайраткерлері, әскербасылардың   құрметіне   орнатылған. Буэнос –  Айресте   Латын   Америкасындағы   ең   бірінші   метро   құрылған. Аса   ірі   мемлекет  университет   және   бірнеше  жеке   институттар, сонымен  бірге   католиктік   университтертер  бар. Бұлар  елдің   басты    ғылыми   орталықтары   болып   табылады. Буэнос –  Айрес  сонымен    қатар   қызықты   музейлерімен   де  танмал. « Колон »   театрының    сахнасында   Ф.И.шаляпин   екі  рет  ( 1908   жылы  театрдың  ашылуына   және  1930 жылы  )  өнер   көрсеткен. Оның  костюмдері  театрдың   музейінде    сақтаулы. 1927   жылы   Буэнос –  Айреста   орыс  А.Алехин   мен    кубиндік  Р. Капабланка   арасында  әйгілі  шахмат  матчы  өтті, алғаш  рет   әлем     чемпионы   орыс    болды.

      Ла – Плата   және  Баия– Бланка   –   мұнай  өңдеу  мен   мұнай   химиясының, ет   өнеркәсібінің    басты    орталықтары. Сан – лоренсо   мұнай  химиясының   аса  ірі  орталығы. Сан  – Николас, Кампана, Вилья – Конститусьон  –  қара   металлургия, Росарио –    былғары, аяқ   киім   өнеркәсібі   және  бидай  тасымалданатын  басты  порт. Халық  саны     бойынша   Латын   Америкасындағы   екінші     қаласы  Кордова    ( 1 млн. астам )  –  таулы  аудандар   мен   жазықты    Пампаның   түйіскен   жерінде   орналасқын  сауда    орталығы    ретінде  дамыған  болатын.  Қазір  ол   автомобиль , әуе  , трактор  жасауда   алдыңғы    орында   және  елдің  жетекші    ғылыми   орталықтарының   бірі, сол   себепті   өнеркәсіптің    жаңа    салалары   дамып   келеді.   Кордовада   Аргентинадағы  алғашқы  университет   1613  жылы   ашылды.

     Батыс  – Анд   тауының   және   тау  алды   облысында  құрғақ   субтропиктік  климат  алып   жатыр. Субтропиктік  өсімдіктерді  өсіруге   маманданған. Жүзім  жинау, қызанақ,  шарап   және   зәйтүн   майын   өндіруден  алғашқы    орында   алады. Мұнай  мен   уранның   мол   қоры  бар.  Сьерра – Пинтада  –  елдегі  ірі  кен  орны;  Эль – Кондор   берилий   және  вольфрам;  Эль – Пачон –   мыс; Лухан – де – Куйо   байытылған  уран  мен   мыс. Осылардың  негізінде   мұнай  өңдеу  мен  мұнай  химиясының  салалары    дамуда.  Мендоса, Сан – Хуан, Сан –Луис  –   осы     аттас      16 ғасырда   негізі   қаланған     провинциялар   әкімшілік   орталықтары.

     Солтүстік — батыс   –  инфрақұрылымы   нашар   дамыған  және  шаруашылықтың   шикізат   бағыты   басым.  Қант   құрағын   өсіретін  және   қант  өндіретін, сонымен  бірге   субтропиктік   шаруашылықтың  басты  орталығы. Тау – кен   өндірісінің  орталығы  ретінде  танмал: мұнай , темір кені, уран, қорғасын – мырыш  руласы,   күкірт, борат  өндіру. Осылардың  негізінде   мұнай  өңдеу – Кампо – Дуран, борат  өңдеу – Кампо – Кихоно  дамыған. Катамарка  провинциясында  – мыс  кенінің    ірі   орталықтары, Фараньон – негрода   алтын   өндіріледі. Мұнда   Европалық     иммиграция   жетпеген.  Тунуман – « солтүстік   астанасы » –  1816   жылы   Ла – Плата   провинциясының    конгерсінде    Аргентинаның  тәуелсіздігі   жарияланған   ескі   тарихи   үй  сақталған.

     Чако – тропиктік    климаттың     маусымды     ауыспалы    sk5fkls  климат   ауданында    орналасқан. Мұнда    Оңтүстік  Американың   « ыстық  полюсі »   орналасқан. Экстенсивті    шаруашылық    дамыған  аудан.  Мақта  шаруашылығы   және   мал    шаруашылығына   маманданған.  Елде   кебрачо   сығындысыны   өндіруден  алдыңғы  орында.  Су  тапшылығының  пробоемасы   шаруашылықтың   оазистік   таралуын   сипаттайды.  Басты  орталығы  – Ресистенсия.

     Междуречье  –  бірқалыпты   ылғалды субтропиктік   климат.  Субтропиктік    өсімдіктерді   өсіруге    маманданған.   Йерба  мате   өндіретін жалғыз  орталық, экспорттық  маңызы  бар. Шай, тунго  майын   және   күріш  өсіреді. Йерба   мате   немесе    парагвай    шайы  – аргентиндіктердің  ұлттық  сусыны. Междуречьенің   табиғи   байлықтарының    бірі  – самырсын  ормандары. Бұлар   Пуэрто – Пирай, Пуэрто – Эсперансада   целлюлоза   қағаз ө неркәсібінің    шикізат  базасы  ретінде   өте  жақсы   қызмет  атқарады.  Бұған   гидроэнергетикалық  ресурстардың    мол   қоры  да   жақсы   ықпал   етеді. 1994  жылы  Паранада    аса   ірі   СЭС   « Ясирета »  іске қосылды. Междуречье    туризмнің  де  орталығы: оңтүстігінде    американың  экзотикалық    табиғаты,  көне  иезуит   қалаларының    қалдықтары  ( бұл   өлкені   игеру   17  ғасырда  иезуиттік   миссиялар  бастаған )  өзіндік   ерешеліктерімен  – Сан – Игнасио, Санта  – Ана   және  әлесмдегі   ең  үлкен  және   әдемі   сарқырамалардың    бірі  Игуасу  көз  тартады.

     Патагония – Пампамен   салыстырғанда   аз  қоныстанған. Игерілгеніне  көп   болмаған. Аргентина    территориясының    үштен  бірін  алып  жатыр,  ал   мұнда   елдегі   халықтың   3%   қоныстанған. Қолайлы  табиғат  ресурстары  бар. Мұнай   ( елдегі   қордың  2\3 –сі ); табиғи  газ  ( Лома – де –ла – Лата   –  Аргентинаның   ірі  кен   орны ); темір   рудасы  ( Сьерра – Гранде ), уран  рудасы  ( Лос  Адобес );  көмір  ( Рио – Турбио );  су  және  орман  ресурстары . Елдің  тау – кен   өнеркәсібінің   жартысы  Патагония   үлесінде. Аргентинада   Чоко  СЭС  арзан   электр  энергетикасыынң  негізінде   –  Серрос –  Колорадос  және   Футалеуфуда   түсті   металлургия  өнеркәсібі    дамып    келеді.Электролитті  мырыш  –  Комодоро –  Ривадавия; алюминий –  Пуэрто –  Мадрин; Колорадо – Ривадавия  –  мұнай   өңдеу    мен    мұнай    химиясының    көне  орталығы. Осыған   жақын   20 ғас. Басында   Аргентинадағы  алғашқы   мұнай   кен   орны       ашылған    болатын.

     Патагония – Аргентинадағы   қой    шаруашылығының   жүнді  бағыты  дамыған    басты   аудан. Пуэрто – Десеадо , Пуэрто – Мадрин, Санта – Крус – жүн    тасымалдайтын   порт    және   осы    арқылы    тау – кен   өнеркәсібінің  өнімдері     тасымалданады. Сан  – Карлос – де  – Барилоче  – атомдық   зерттеу   мен    уран   байытудың   ірі    ғылыми  орталығы. Монымен   бірге   бұл    таулы    курорт. Андтың    әдемі  ормандары, терең    каньондары   және  көгілдір   көлдері  – туризмнің    басты    орталықтарынң  бірі. Жолнқсқаулықтарда   мұны   Аргентина   Швейцариясы   деп  те  атайды.         

Қорытынды

          Аргентина  — федеративті  республика. Аргентинаны   қорғасын – мырыш, мыс, марганец   және   сирек  кездесетін    метал – вольфрам   және  берилиймен   қаматамсыз   етеді. Патагониядағы  Сьерра  — Грандеде   темір  рудалары  бар, бірақ  сапасы   жоғары  емес. Отын – энергетика  кешенімен   мұнай    мен  табиғи  газдың  маңызы  зор.     Аргентина    3   климаттық    белдеуде  жатыр: тропиктік, субтропиктік   және    қоңыржай. Жылдың  орташа  температурасы   солтүстікте   24°C –тан    оңтүстікте    5°C- қа  дейін   ауытқып   отырады Қалаларда   халықтың    87%  тұрады, ал  Буэнос – Айреста  қала  халқының    2/5- і  тұрады. Буэнос – Айрета   12 млн. адам  тұрады. Әлемдегі   ең  ірі    10 агломерация  қатарына   жатады. Дүниежүзілік    шаруашылықтағы    Аргентинаның  орны    оның    дәстүрлі  салаларымен   анықталады: ауыл   шаруашылығы  және  сонымен   бірге   байланысты    өңдеу   өнеркәсібі, ең    алдымен    бұл  тамақ   өнеркәсібі.  Аргентина  ет  өндіруден     және  экспорттаудан   алдыңғы  орынға   ( 3 млн.т )  ие.     Мал   өсіру    ауыл    шаруашылығында  басты  рөл   атқарады. Ірі  қара   мал  бас   саны  бойынша   ( 54 млн.бас). Аргентина    әлемде    алтыншы орында,  жан   басына    шаққанда    ет   өндіру   бойынша    бесінші, оны   пайдалану    бойынша    бірінші  орында   тұрады. Сыртқы  сауда  тасымалының    негізінен    теңіз   жолымен   (жүктің     97%  )    өтеді   және  әуе  тасымалымен  жүреді. Теңіз   жолының   жағалық  аудандар  арасындағы   байланыстарға, яғни   ішкі   байланыс  үшінде   маңызды.

Пайдаланған  әдебиеттер

  1. 1. Леонов Н.С. « Нам есть  что   позаимствовать   из   опыта  Аргетины » //  Латинская  Америка // М. 1995 № 3., 356 б [ 75- 81с]
  2. Пименова Р.А Аргентина : У картины  мира М., Мысль., 1987  г.,  285б [ 94-98 с]

3.Родионова И.А., Холина  В.Н «Политическая  картина  мира »  М,1995 г., 213б  [ 56 – 58с]

  1. Романова З.И « Развитие   капитализма   в  Аргентине » ., М., Наука., 1995 г 280 б [ 219-224с]
  2. Сан – Эстебан Р  « Сельское   хозяйство  Аргентины »  М., Наука., 1984 278б [145-149с]
  3. Культура Аргентины . М., ИЛА., 1997  255б /38-43с/
  4. Ю.В.Бромлей., Р.Г.Подольный «Человечество-это  народы» М; «Мысль»  1990г.,  203б /67-69с/
  1. Витвер И.А « Экономическая география  в  Зарубежных  странах » М., Просвещение .,  1967  280 б [ 13-17 с]
  2. Алтухов В. О   смене  порядков  в  мировом  общественном  развитии // МЭНО.   1995  г., 420 б., [ 218-222с]
  3. Социально – экономическая география    зарубежного   мира ., Учебное  издание   « Крон  Пресс » 1995г., 510 б [ 198-201с]

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Редактор

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!