AMANAT партиясы сайлау жарнасын төлемейді – ОСК
AMANAT партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды 7kun.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. 2021 жылғы қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында AMANAT партиясы сайлаушылар дауысының 71,9 пайызын алған. Осыған байланысты AMANAT партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылады», — деді ОСК хатшысы.
Айта кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясы AMANAT партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





