25 сәуірдегі сауда барысында доллар бағамы одан әрі төмендеді
© Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 25 сәуірде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,07 теңгеге төмендеп, 515,036 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,20 теңгеге (-0,02) түсті.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 70,75 теңге (-0,16) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 514,9-517,3 теңге, еуро 584-588 теңге, рубль 6,08-6,2 теңге аралығында сатылуда.
25 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілуде.
Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны барреліне $67,03 құрады, бұл алдыңғы сауда-саттықтың жабылуындағы көрсеткіштен 0,72%-ға жоғары.
Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда алаңында маусым айындағы WTI мұнай фьючерстері барреліне 0,84%-ға өсіп, $63,32-ға дейін көтерілді.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 517,16 теңге, еуроны 588,48 теңге, рубльді 6,23 теңге деп белгіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:56, 23 қараша 2026
23 қарашадағы биржа саудасында валюта бағамдары қалай өзгерді
-
11:37, 23 қараша 2026
23 қарашада Астана, Алматы және Шымкентте доллар, еуро мен рубль қанша тұрады
-
11:38, 22 қараша 2026
Астана мен Алматының ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 22 қараша
-
15:53, 20 қараша 2026
Доллар бағамы бір күнде 5,87 теңгеге өсіп, 455 теңгеге жетті
-
11:22, 20 қараша 2026
20 қарашада Астана, Алматы және Шымкентте доллар, еуро және рубль қанша тұрады





