2 маусымдағы саудада доллар бағамы 490 теңгеден асты
© Фото: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 2 маусым күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 493,15 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,59 теңгеге жоғары.
Ресей рублінің бағамы 6,76 теңгеге дейін төмендеді (-0,09).
Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 73,09 теңге болды (+0,79).
Айырбастау пункттерінде доллар 492–494,4 теңге аралығында саудалануда, еуро – 571,4–576,8 теңге, рубль – 6,56–6,69 теңге аралығына саудаға түсуде.
Бұл ретте, әлемдік мұнай бағасы 2 маусымдағы саудада төмендеуде.
Мәселен, Brent маркалы мұнай (тамыз фьючерстері) Лондон биржасындағы ICE саудасында барреліне 94,20 – 95,04 доллар аралығында сатылды.
WTI маркалы мұнай (шілде фьючерстері) NYMEX биржасында шамамен 91,30 – 91,99 доллар деңгейінде болды.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 488,96 теңге, еуроны – 569,49 теңге, рубльді – 6,81 теңге деңгейінде белгілеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:44, 20 шілде 2026
Доллар бағамы 20 шілдегі саудада сәл төмендеді
-
11:45, 20 шілде 2026
Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы жарияланды
-
13:48, 19 шілде 2026
19 шілдедегі Алматы мен Астана айырбастау орындарындағы валюта бағамдары
-
16:02, 17 шілде 2026
17 шілдедегі саудада Ресей рублінің бағамы 6 теңгеден төмен түсті
-
12:23, 17 шілде 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары – 17 шілде





