12 мамырдағы сауда барысында доллар бағамы төмендеді
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 12 мамырда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,3 теңгеге төмендеп, 513,74 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,28 теңгеге (-0,08) түсті.
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 71,44 теңге (+0,17) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 511,7-515 теңге, еуро 574-581 теңге, рубль 6,17-6,29 теңге аралығында сатылуда.
12 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Осылайша, ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы шілде фьючерстерінің құны 1,99%-ға өсіп, барреліне $65,18 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 2,10%-ға өсіп, барреліне 62,30 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 516,01 теңге, еуроны 582,47 теңге, рубльді 6,26 теңге деп белгіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





