Жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу куәлігінің жаңа үлгісі бекітілді
"Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізуші куәлігінің үлгісі:
Беткі жағы
Сыртқы жағы

Жүргізуші куәлігінің интегралдық микросызбасы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) жүргізуші куәлігі туралы:
сериясы мен нөмірі;
берілген күні;
жүргізуші куәлігін берген органның атауы;
2) жүргізуші туралы:
тегі, аты, әкесінің аты;
туған күні және жері;
тұрғылықты жері;
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
жеке басты куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі және берілген күні;
фотосуреті;
3) көлік құралын басқаруға рұқсаты туралы:
рұқсат етілген санаттар;
жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы;
ерекше белгілер.
Ескертпе: Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарына жүргізуші куәліктері бланкілерінің серияларын белгілеу үшін латын транскрипциясындағы мынадай әріптік белгілеулер бекітіледі.
1. Нұр-Сұлтан қаласы Z
2. Алматы қаласы A
3. Ақмола облысы C
4. Ақтөбе облысы D
5. Алматы облысы B
6. Атырау облысы E
7. Батыс Қазақстан облысы L
8. Жамбыл облысы H
9. Қарағанды облысы M
10. Қостанай облысы P
11. Қызылорда облысы N
12. Маңғыстау облысы R
13. Түркістан облысы X
14. Павлодар облысы S
15. Солтүстік Қазақстан облысы T
16. Шығыс Қазақстан облысы F
17. Шымкент қаласы Y
18. Резерв G, Q, W
Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәліктің үлгілері:


Көлік құралын тіркеу куәлігінің интегралдық микросызбасы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі;
2) куәліктің сериясы мен тіркеу нөмірі;
3) куәліктің берілген күні;
4) маркасы, моделі;
5) көлік құралының шыққан жылы;
6) санаты (басқару құқығы/көлік құралы);
7) есептен шығарылғаны туралы белгі;
8) сәйкестендіру нөмірі (VIN, шанақ, шасси);
9) жүктемесіз массасы kg.;
10) қозғалтқыштың көлемі, см. куб.;
11) рұқсат етілген max массасы, kg;
12) көлік құралының түсі;
13) көлік құралының иесі;
14) тұрғылықты жері;
15) ерекше белгілері;
16) бастапқы тіркелген күні;
17) көлік құралын қайта жабдықтау түрлері туралы мәліметтер;
18) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі;
19) көлік құралын тіркеу органының атауы;
20) дайындаушы ел;
21) өзге де мәліметтер.
Қажеттілігіне қарай, жолдар өзгертілуі және қосылуы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма





