Ресейден 2,5 млн теңгеге Toyota алмақ болған жігіт алданды
© Сурет: видеодан кадр
Ресейден автокөлік алып келуге уәде берген азаматқа ақшасын беріп, қаражаттан қағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ағымдағы жылдың қазан айының соңында Семей қалалық Полиция басқармасы Орталық ПБ "102" жедел арнасына қаланың 31 жастағы тұрғыны жүгінді.
Ол 2021 жылдың мамыр айында бұрын танымайтын ер адам "Toyota" автокөлігін сату сылтауымен алдап және сенімге кіріп, оның ақшасын иемденгенін хабарлады. Келтірілген залал 2 500 000 теңгені құрады.
-Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 49 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, жеткізді. Күдікті тергеу барысында ұрланған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Жәбірленуші онымен көлік жуу орнында танысқаны анықталды. Әңгіме барысында ол нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағамен жақсы көлік әкеліп беруге уәде берген. Келісім-шарттан кейін ер адам күдіктіге 2 500 000 теңге берген,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігі – "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:28, 21 мамыр 2026
Mercedes-Benz ең қуатты электромобилін таныстырды
-
10:56, 19 мамыр 2026
BMW компаниясы соңғы үлгідегі моделін ұсынды
-
11:16, 2 қаңтар 2026
Қазақстандықтар енді көліктеріне өздері нөмір таңдай алады - ІІМ
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық





