Өзің өндірмесең осы. Қысқы дөңгелек те қымбаттап шыға келді
© Сурет: pixabay
Қысқы дөңгелекті көрейін деп өткенде бір дүкенге кіргем. Бағасын көрдім. Екі күннен соң бағасын қымбаттатып жіберіпті, деп таң қалып отыр желіде журналист Нұрмұхамед Байғараев.
Сигнализация да сондай. Қысқа уақытта 15 мың теңгені қоса салды, дейді ол.
Ет, жұмыртқа жыл басынан бері бірнеше рет өсті. “Сұлтан” макаронын 120 теңгеге алғаным есімде қалыпты. Қазір ол баға екі еседей қымбат. Жанармай, дәрі де дәл солай.
Жағдайды түзеудің орнына “министерство разъязнило причины роста цен” деген хабар тарайды. Оның түсініктемесі кімге ем? Өзің тауар өндірмесең, осылай өмір бойы мұнай, доллар, импорттық тауар бағасына алаңдап-елеңдеп күн кешесің. Жалақысын өсіруді талап етіп, митингке шығып жатқандарды, қолайлы өмір іздеп, Түркия, басқа елдерге көшіп жатқандарды түсінемін.
Қазақстанда өмір сүру қолайсыз болып барады…
Әрине, содан жемқорлық, алаяқтық, қаржылық пирамида, басқа қылмыс кең тарайды. Берген де, алған да, алдаған да, алданған да қымбат қалада жақсы өмір сүргісі келеді, делінген жазбада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма





