«Алтын Орда» жол айрығының құрылысы қашан аяқталады?
© Сурет: Zakon.kz
"Қазавтожол" "Алтын Орда" базарының маңындағы жол айрығы құрылысының қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта "Алтын Орда" базарының жанындағы Алматы–Бішкек автомобиль жолының учаскесін күрделі жөндеу аясында негізгі жұмыс бас магистральдық эстакада бойынша жүргізілуде, ол үшін 215 адам, 30 бірлік техника жұмылдырылып, түнгі ауысым ұйымдастырылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.
Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.
Бүгінгі күні жолдың сол жағы бойынша аспа құрылысы толық аяқталды, тростарды тарту жұмыстары жүргізілуде. Монолитті плитаны құю және асфальтбетон жабынын салу жұмыстары басталды.
Оң жағында монолитті аспаны құюға арналған металл конструкцияларды монтаждау, бетон құюға арналған қалыптарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Монолитті аспаны бетондау жұмыстарының көп бөлігі аяқталды. 1200 метрдің 194 метрі қалды. Бұдан әрі төсеніш салу жұмыстары жүргізілетін болады. Бас магистральдық эстакада жұмыстарынан басқа, көпірге кіреберістерде жол төсемі салынуда, - деп хабарлады компания.
Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес бетондау жұмыстары аяқталғаннан кейін конструкцияның статикалық және динамикалық сынақтары басталады, содан кейін негізгі магистральдық эстакада бойынша қозғалыс ашылады деп жоспарлануда.
Бақытжан Отарбаева
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:12, 24 қаңтар 2025
Қазақстанда электромобильдер саны 1,6 есеге көбейді
-
16:57, 20 қаңтар 2025
Қазақстандық алаяқтар автомобильдер «сата» бастады
-
16:00, 15 қаңтар 2025
Көлікке мемлекеттік нөмірдің телнұсқасын қалай алуға болады: қазақстандықтарға нені білу керек
-
09:35, 26 желтоқсан 2024
Mercedes-Benz сауда маркасының өндірушісі банкротқа ұшырады
-
09:52, 16 желтоқсан 2024
Бельгиядағы Audi қызметкерлері жұмыссыз қалады
Танымал жаңалықтар
-
10:20, 30 наурыз 2025
-
10:20, 30 наурыз 2025
-
14:20, 30 наурыз 2025
-
11:05, 30 наурыз 2025
-
15:16, 30 наурыз 2025
-
16:31, 30 наурыз 2025
-
15:53, 30 наурыз 2025
-
11:58, 30 наурыз 2025
-
10:42, 30 наурыз 2025
-
14:58, 30 наурыз 2025
-
13:57, 30 наурыз 2025
-
16:11, 30 наурыз 2025
-
17:14, 30 наурыз 2025
-
17:11, 30 наурыз 2025
-
12:17, 30 наурыз 2025