Жапонияда ер адам қайтыс болған анасының сүйегін пәтерінде 10 жыл сақтаған
© Сурет: pixabay
Жапонияның Кобе қаласында полиция 60 жастағы Такехису Миявакиді тұтқындады, ол марқұм анасының денесін жылдар бойы үйінде ұстаған, ал қаралы хабарды әлеуметтік фобиясына байланысты таратпаған. 95 жастағы әйелдің денесі пәтерде шамамен 10 жыл жатып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
SCMP басылымының мәліметінше, 2025 жылдың мамырында жергілікті шенеунік Миявакиді көшеден жолықтырып, одан анасының хал-жағдайын сұрайды, бірақ ол жауаптан жалтарып, өз-өзінен күдік туғызады. Осыдан кейін полицияға белгі беріледі.
Полиция келгенде пәтер іші қоқысқа толы болған. Дәретхананы тінту кезінде тәртіп сақшылары адам сүйегін тапқан. Миявакидің айуынша, ол анасының денесі көрінеді. Ер адам анасы қайтыс болғанда ешкімге хабар бермеген, полицияға да бармаған, анасының денесін көмбеген.
Сұрақ-жауап кезінде ер адам өзінің әлеуметтік фобиядан зардап шегетінін, яғни адамдармен қарым-қатынас жасауға қатты қорқатынын айтқан.
Жарияланған ақпараттарға сәйкес, ДНҚ сараптамасы кісі сүйегінің ер адамның анасына тиесілі екенін көрсетті, зорлық-зомбылық өлімінің белгілері де табылмаған. Қазіргі уақытта полиция тергеуді жалғастыруда.
Айта кетсек, Балқашта құбыр жаңартумен айналысушы жұмысшылар жер қазу кезінде үш адамның сүйегін тапқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:21, 9 қыркүйек 2026
АҚШ-та рұқсат етілгенімен, шетелде қатаң тыйым салынған: туристерге ескерту жасалды
-
11:55, 9 қыркүйек 2026
Қытайда автокөлік сатылымы күрт төмендеді
-
11:06, 9 қыркүйек 2026
Жерде адамзатқа қауіп төндіретін жаңа суперконтинент қалыптасып келеді
-
11:00, 9 қыркүйек 2026
34 млн теңгеге әлемдегі ең ұзақ круиз: Жер шарын айналып шығуға қанша күн кетеді
-
09:56, 9 қыркүйек 2026
Грузияда қатарынан екі жер сілкінісі болды





