Түркияда жұмыссыздық көбейіп барады
© Фото: freepik
Өткен айда ресми мәліметке сай жұмыссыздық деңгейі 10 пайыз болған. Алайда мамандар нақты жағдай бұдан әлдеқайда нашар деп отыр.
Олардың айтуынша еңбек жасындағы 10 млн адам екі қолға бір күрек таппай отыр. Бауырлас елдегі еңбек нарығы туралы толығырақ бізбен байланысқа шығып тұрған Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлынан білейік.
Түркияда жұмыссыздық деңгейі жыл өткен сайын өсіп барады. Әсіресе жастар арасында жұмыссыздық көп. Ресми мәліметтерге сай 18 бен 24 жас аралығындағы тұрғындардың 31 пайыздан астамы жұмыссыз жүр. Бұл әлемдік стандарттармен салыстырғанда өте көп, деп дазады qazaqstan.tv.
Дегенмен әлеуметтанаушы мамандар бұл тек экономикалық көрсеткіштерге байланысты мәселе емес дейді. Себебі қазір Түркияда жастардың көбі ауыр жұмыстан, қызмет көрсету саласындағы мамандықтардан қашады.
Яғни, қарапайым құрылысшы немесе шаштараз болғысы келмейді. Көбі жалақысы жоғары мемлекеттік қызметке немесе банк саласына барғысы келеді. Осыдан кейін де елде жұмыссыздық деңгейі өсіп барады, ал қызмет көрсету саласында өзге елдің азаматтары жұмыс істеп жүр.
Бұл мәселені оңтайлы шешу үшін Түркияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған арнайы мемлекеттік бағдарлама дайындады. Оған сай жастарды еңбекке баулу және жұмыссыздарды қажетті мамандықтарға оқытатын қысқа мерзімді курстар ашу көзделген. Сондай-ақ жұмыс іздеген адамдарға арнайы мамандар тегін ақыл-кеңес береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





