Ресейдің қор биржасы құлдырады

09:13, 10 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

Трамптың жаһандық сауда соғысы Ресей экономикасына да кері әсерін тигізуде. Елдің қор биржасы құлдырап, ұлттық компаниялардың акциялары арзандады.

Сарапшылар АҚШ-тың БАЖ салығы қымбатшылыққа соқтыратынын айтады.

Ресей ресми қосымша БАЖ салығы салынған елдердің тізімінде жоқ, алайда экономикаға ауыр соққы болады, дейді сарапшылар. Өйткені әлем бойынша Ресейдің мұнайына сұраныс төмендейді, рубль арзандап, доллар қымбаттайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Одан бөлек, техника құны шарықтауы мүмкін. Себебі санкция астында қалған Ресей соңғы жылдары техниканы Қытай, Үндістан, Вьетнам елінен сатып алатын, ал бұл мемлекеттерге қосымша БАЖ салығы салынды.

"Иә, жаңа жаһандық сауда соғысы Ресейдегі электроника бағасының құнының шарықтатып жіберуі ықтимал. Тіпті мамандар ең арзан iPhone маркалы телефонның құны 2000 долллардан асады деп болжайды. Қытай ең ірі техника өндіруші, бірақ бұл мемлекетте 10 сәуірден бастап баж салығын енгізіп отыр. Сондай-ақ техниканы тасымалдауда да кедергілер туындайды. Ал Ресей электрониканың импортына тәуелді. Оны шығаруға инвестиция қажет." Марсель Салихов, РФ энергетика және қаржы институтының президенті

Сарапшылардың айтуынша, ең алдымен компьютерлерге арналған чиптер, ұялы телефондардың бағасы күрт өседі. Логистика бұзылғалы елге АҚШ, Еуропадан техника тасымалданбайды. Сондықтан кей компаниялар көрші елдерден ұсталған телефон сатып алуға мәжбүр. Сонымен қатар, автомобиль шығаратын кәсіпорындардың 90%-ы жабылып қалған. Барлығы шетелден шикізат тасымалдап отырғандар. Жаһандық сауда соғысынан Ресейде көлік бағасы 100 пайызға дейін қымбаттайды, дейді мамандар.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!